Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Австрия Республикасы Федералдық үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды.
Қазақстан парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырысында еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Қазақстанда дербес деректерді қорғауды күшейту мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Қылмыстық кодекске, сондай-ақ дербес деректер мен киберқауіпсіздік туралы заңдарға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
«Алатау қаласы офшорлық аймақ болмайды. Мұнда преференциялар тек өз қызметін тікелей Алатау қаласының аумағында жүзеге асыратын компанияларға ғана беріледі», – деді Бозымбаев жұма күні өткен брифингте.
Қазақстанның ЖІӨ (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша) көрсеткіші арқылы әлемнің үздік 40 экономикасының қатарына енуі – елде елеулі көлемде тауарлар мен қызметтер өндірілетінін және экономиканың шағын ауқымнан шығып, кеңейгенін білдіреді.