АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен келіссөздер нәтижесіне риза екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, келіссөздер барысында көптеген маңызды мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілген.
Бейсенбі күні өткен Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Марокко арасында жасалған үш бірдей келісім – қылмыскерлерді экстрадициялау, сотталғандарды беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы заң жобалары мақұлданды.
Қазақстан 2029 жылға дейін ЖІӨ-ні 450 млрд долларға дейін ұлғайтуды және 150 млрд доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта жаңартылған Инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Құжат бірыңғай бизнес-экожүйе қалыптастыруға негізделген.
Профессор Сакс былай деді: Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі Будапештте Дональд Трамп пен Владимир Путин кездесуіне Еуропа мемлекеттерінің қатты реакциясымен жойылды. Ең алдымен, Джеффри Сакстың өзімен. Ол – аты әлемге әйгілі профессор, 1989 жылы Польшаның коммунизмге қарсы «Солидарность» қозғалысы мен премьер-министр Тадеуш Мазовецкийдің үкіметіне кеңес берген маман.
Ресей Парсы шығанағындағы дағдарысты және аймақтағы тұрақтылыққа тікелей байланысты экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін Парсы шығанағындағы алты араб мемлекетімен талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы жексенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен оның кувейттік әріптесі Джаррах ас-Сабах Манамада өткен кездесуде Парсы шығанағындағы жағдайды саяси және дипломатиялық жолмен реттеудің баламасы жоқ екенін атап өтті. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ресей Парсы шығанағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты жолы жағалаудағы мемлекеттер мен оларға көршілес елдер арасындағы тікелей диалог деп есептейді. Мұндай диалогқа жағдай жасауға аймақтан тыс елдерді, қажет болған жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін де тартуды ұсынады. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.
Дүкенге кіргенде бұрын 10 мың теңгеге толтырып шығатын сөмкеңіз қазір неге жартылай ғана толады? Бұрын ұсақ көрінген бірнеше жүз теңгелік айырмашылық бүгін отбасы бюджетінің ең үлкен мәселесіне айналып барады. Нан қымбаттайды, еттің бағасы өседі, киім алу қиындайды. Ал ай соңында жалақы түскен күні қуаныштан бұрын есеп басталады: азық-түлікке қанша, жолға қанша, балаға қанша, несиеге қанша, коммуналдық төлемге қанша қалады?Қымбатшылықтың ең ауыр салмағы да - осында.