азақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдерге Өнеркәсіптік кооперация бағдарламасын қабылдап, басым жобаларды нақты айқындау қажеттігін айтты.
Еуропалық Одақ Ауғанстанда есірткіге тәуелді азаматтарды емдеу, елге оралған босқындар үшін тұрғын үй салу және оларды жұмыспен қамту мәселелерінде көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
АҚШ Сенаты үкіметтік мекемелердің қаржыландыруын қалпына келтіріп, үкімет қызметін тоқтатуға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдай алмады. Заң жобасын қабылдау үшін ең аз дегенде 60 дауыс қажет болса, ол 52 сенатордың қолдауына ие болып, 42 қарсы дауыс берілді.
Ирландияның Ryanair Holdings Plc лоукостер әуе компаниясының бас директоры Майкл О’Лири келесі жылы Еуропада әуе билеттерінің бағасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен өседі деп болжап отыр.
Егер прокуратура өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының барлығында балалар құқығының сақталуына тексеру жүргізбегенде, Аягөз ауданында балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетілген көптеген дерек мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалуы да мүмкін еді.
Almaty Air Initiative қорының хабарлауынша, Алматы тұрғындарының 80 пайыздан астамы қала ауасының адам денсаулығына қауіпті екенін айтады. Ал басқа жаққа көшуді шындап ойластырып жүрген немесе көшуді жоспарлаған тұрғындардың үлесі 17 пайыздан 26 пайызға дейін өскен «Зерттеу әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың қатысуымен дайындалды.
Бір қарағанда тосын көрінгенімен, Украинадағы соғыста жеңілген тарап Ресей деген тұжырым жасалып отыр. Мұндай тұжырымды өмір жолы сан қилы оқиғаларға толы, ақырында Ресейде «шетелдік агент» деп танылған саясаттанушы Александр Морозов жасады.