Еуразия24

Материалы

Қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті

АСТАНА. 4 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкер, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады мемлекет...

Трамп: АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф 6 немесе 7 тамызда Ресейге барады

ВАШИНГТОН, 4 тамыз – ИНТЕРФАКС. АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының арнайы өкілі Стив Уиткофф алдағы аптада Ресейге сапармен барады. «Келесі аптада, сәрсенбі немесе...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезі аясында екі бірдей халықаралық рухани-мәдени көрменің тұсауы кесілді....

Аманатқа сенім артқан ел

«Қазақстанда тұрақтылықтың кепілі ретінде халықтың өз қажеттіліктерін ескеретін билікке деген сенімі бола алады. Қазақстандықтар елдегі жағдайды қалай бағалайды? Бұл сұраққа жауап табу мақсатында Қоғамдық саясат институты 2025 жылдың маусым–шілде айларында әлеуметтанулық сауалнама жүргізді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан дамуына берілетін бағалар негізінен оң екендігін көрсетті. Қазіргі таңда қоғамда әділеттілік пен ашықтыққа деген сұраныс айтарлықтай артып отыр. Әрине, көріністі тек жағымды етіп бейнелеуге болады, алайда бұл нақты сенімді қалыптастырмайды. Ол үшін саяси заңдылықтармен қатар, психологиялық факторларды да ескеру қажет».

Экономикалық өсім мен халық табысы: қайшылық қайда жатыр?

Аталған қорытындының сыпайылықпен қатар, өткір сын элементтерін де қамтығанын оның алғашқы екі сөйлемінен-ақ аңғаруға болады. Біріншісінде: «2024 жылы Қазақстанның экономикалық өсуі 4,8% деңгейінде болды» деп нақты көрсетілген. Ал келесі сөйлемде бұл көрсеткіш Үкімет болжаған мақсатты деңгейден (5,3%) және өткен жылғы өсім қарқынынан (5,1%) төмен болғаны атап өтіледі. Қорытындыда бұдан әрі келтірілген тұжырымдар сыпайы баяндалғанымен, мәні жағынан сыншыл әрі қатаң сипатқа ие: «2024 жылы Қазақстанның номиналды ішкі жалпы өнімі (ЖІӨ) 12,4%-ға артып, 134,3 трлн теңгені құрады. Алайда, нақты сатып алу қабілеті мен өндіріс көлемінің өсукөрсеткіштері, яғни ЖІӨ-нің нақты өсімі (4,8%) инфляция әсерінен бейтараптандырылды», – делінген Жоғары аудиторлық палата қорытындысында. Бұл тұжырымды бірнеше қырынан бағалауға болады. Бір жағынан, инфляция жалпы өсімді толықтай жоймағанын, ЖІӨ-де нақты өсім сақталғанын білдіруі мүмкін. Екінші жағынан, осы 4,8% көрсеткіштің өзі де нақты емес, түзетілген немесе асыра бағаланған болуы ықтимал деген күмән тудырады.

Еще от автора

Сарапшы: АИ-92 бензинінің литрі 1 долларға дейін қымбаттауы мүмкін

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов былай деп жазады: «Естеріңізде болса, бұған дейін 2040 жылға дейінгі мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасында ең басты екі сұраққа жауап жоқ екенін жазған едім: мұнайды қайдан аламыз (өзімізде жоқ) және жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытының қуаты ұлғайтылып, төртінші жаңа зауыт салынғаннан кейін жанармай бағасы қандай болады? 

Қазақстанда жеке қосалқы шаруашылықтар біртіндеп жойылуы мүмкін

Депутат жалпы алғанда орынды ұсыныстар айтып отыр. Атап айтқанда, жайылымдар мен шабындықтарға түгендеу жүргізу, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу және жеке қосалқы шаруашылықтардың жағдайын жақсартудың өзге де жолдарын қарастыруды ұсынады.

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Қазақстан Халық кеңесін басқарады

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Варшава Минскімен қарым-қатынасты жақсартуға дайын – Польша СІМ басшысы

Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Нью-Йоркте Беларусь СІМ басшысы Максим Рыженковпен келіссөзден кейін Варшаваның Беларусьпен қарым-қатынасты жақсартуға дайын екенін мәлімдеді.