Мансұр Жетігенов

Материалы

Геосаяси өзгерістер және стратегиялық ресурстар: Үндістанның жаңа бағыты

Сирек жер элементтері жөніндегі Қытай тәжірибесінен АҚШ-тан бұрын Үндістан сабақ алды. Энергетикалық өтпелі кезең мен жаңа технологиялық негіздегі экономикалық даму жағдайында сирек жер элементтерінің (СЖЭ) стратегиялық маңызын ескере отырып, Үндістан үкіметі маңызды минералдарға қатысты Ұлттық миссияны іске қосты. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – сирек жер элементтеріне қолжетімділіктің үзілу қаупі жоғары болған жағдайда олардың жеткізілімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Осы орайда Қазақстан үшін сирек жер элементтерін экспорттайтын жаңа әлеуетті әріптес пайда болуы мүмкін.

Одақтастық пен өзара сенім: КХДР-ның халықаралық аренадағы орны

Пхеньян АҚШ бастаған ұжымдық Батыс тарапынан ұзақ жылдар бойы қолданылған дипломатиялық оқшаулауды еңсеріп, бұл бағытта елеулі жетістікке жетті. Бұл табыстың негізгі себебі – КХДР-нің ішкі әлеуетінде. Солтүстік Корея мақсаттарына қол жеткізе алатынын және сенімді одақтас бола білетінін нақты іспен дәлелдеді. Өйткені шынайы одақтас дегеніміз – геосаяси жағдайға байланысты өз бағытын жиі өзгертпейтін, серіктестік жауапкершілігін тұрақты түрде орындай алатын мемлекет.

Қаржылық тұрақтылықтың кепілі – нақты ақша айналымы

Еуроаймақтың басты қаржы институты Еуроодақ азаматтарына күнделікті қажеттіліктерге арналған бірнеше күндік көлемде қолма-қол ақша қорын ұстауды ұсынды. Мұндай ұстаным күтпеген жағдай болды, себебі өткен жылы еуропалық банктер қолма-қол айналымды азайтып, қолма-қол емес төлемдерді ынталандыру бағытын ұстанып келген еді. Алайда тұрақсыз кезеңде басымдық қаржылық тұрақтылық қорына беріледі, ал мұндай мүмкіндік тек қолма-қол ақшада бар. Электронды төлем жүйелерінде мұндай тұрақтылық жоқ.

Фотоэлектр мен күн жылу энергетикасы: халықаралық тәжірибе

Технологиялық даму – ресурсты тиімді жұмсау үшін салмақты әрі кәсіби таңдау жасауды талап етеді. Қашан да шектеулі болатын ресурстарды тиімсіз пайдалану ел дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Мәселен, әлемдегі ең ірі күн жылу электр станциясы саналатын АҚШ-тағы Айвонпа нысаны 2026 жылы жабылады. Себебі жобаға бөлінген 2,2 млрд доллар ақталған жоқ – фотоэлектрлік панельдер бұл салада техникалық, технологиялық және экономикалық тұрғыдан әлдеқайда тиімді екені дәлелденді. Соңғы жылдары "жасыл" энергия тақырыбына айрықша қызығушылық танытып отырған Қазақстан үшін бұл маңызды сабақ болуға тиіс. Ел болашағы үшін жауапты шешімдер қабылдауда басқарушылық құзыретті күшейтіп, технологиялық таңдауға асқан ұқыптылықпен қарау қажет.

Дели Мәскеуді таңдады ма?

«Батыс-2025» атты Ресей–Беларусь бірлескен оқу-жаттығуларына қатысу үшін Үндістан тарапы небәрі 65 әскери қызметшісін жіберді. Мәскеу мен Минск жолдаған 100 мыңдық жеке құраммен салыстырғанда бұл сан аса елеусіз көрінуі мүмкін. Алайда бұл көрсеткіш тек тактикалық үйлесім тұрғысынан бағаланған. Геосаяси өлшеммен алғанда, бұл оқиға аса маңызды мәнге ие. Бұл — Оңтүстік Азиядағы алып елдің ұжымдық Батысқа берген ашық жауабы іспетті. Ақпараттық кеңістіктегі реакцияның да осал болмағаны осыдан көрінеді. Кумаон полкі – Үндістан армиясының ерекше әскери құрылымы. Ол Ост-Үнді компаниясы кезеңінде құрылған және Бірінші мен Екінші дүниежүзілік соғыстарды қоса алғанда, Британ империясы жүргізген көптеген әскери қақтығыстарға қатысқан.

Еще от автора

НАТО банкін құру жоспары неге баяу жүзеге асып жатыр?

 Соғысқа дайындықтың өзі қыруар қаржыны талап етеді. Ал экономикалық қиындықтар көбейіп, мемлекеттік қарыз ұлғайып, бюджет тапшылығы күшейген шақта әскери шығынды қалай өтеуге болады? Солтүстік Атлантика альянсы бұл мәселені НАТО банкін құру арқылы шешпек. «Қорғаныс, қауіпсіздік және тұрақтылық банкі» (DSRB) деп аталатын қаржы ұйымы құрылтайшы мемлекеттердегі саяси биліктің ауысуына қарамастан, қорғаныс саласына үздіксіз қаржы тартуды көздейді. Бұл бастама 2019 жылы көтерілгенімен, қаражат тапшылығынан оны жүзеге асыру ісі баяу жүріп жатыр. Алайда НАТО-ның DSRB (Defence, Security and Resilience Bank) банкін құру бастамасы Батыстағы соғысқұмар күштердің ортақ мүддесінен ғана туған жоқ. Бұл жоба олардың өзара бәсекесінің де қаншалықты күшейгенін көрсетеді.

Ұлы Жібек жолы: сауда, саясат және бәсеке

Ұлы Жібек жолын бейбіт сауда жолы ретінде ғана қабылдайтын таптаурын түсінік тарихи өткеніміз бен бүгінгі геосаяси ахуалды өзара сабақтастыра қарауға кедергі келтіреді. Жібек, жылқы, шыны, фарфор, музыкалық аспаптар, идеялар, технологиялар, діндер, бағалы металдар, қағаз, оқ-дәрі, мәдени дақылдар, құлдар – мұның бәрі болғаны рас. Алайда империялар сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ұмтылды. Өйткені саудадан түсетін мол табыс байлық қана емес, ақпаратқа қол жеткізуге, одақтастар табуға және әскери басымдыққа ие болуға мүмкіндік берді.Біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда Хань әулетінің императоры У Қытайдың солтүстігі мен солтүстік-батысындағы сюнну көшпелі бірлестігіне қарсы күресте одақтас іздеді.

2026 жылғы 25 қыркүйектегі жалпыұлттық аза тұту күнінен кейінгі ой

Бейбіт күннің өзінде әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігі қауіп-қатерден кенде емес. Бүгінгі геосаяси ахуал Қазақстанға қарулы күштері мығым, жауынгерлік қабілеті жоғары армия ауадай қажет екенін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде әскери дайындықтың, оқу-жаттығулар мен маневрлердің қарқынын күшейтуді талап етеді. Алайда қызметке салғырт қараудан туындайтын заңбұзушылықтар әскери ортадағы қаза тапқандар санының артуына бастайтын қауіпті фактор болып табылады.

Біртұтас Еуропа енді еркін саудаға қарсы

Еуропалық одақтың Қытаймен сыртқы саудадағы тапшылығы тәулігіне 1 млрд еуроға жетті. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен еуропалық өндірушілерді қолдау қажеттігін мәлімдеді. Іс жүзінде бұл импортқа түрлі шектеулер енгізіп, кейбір тауарларды сырттан әкелуге тікелей тыйым салуды білдіреді. Сонда еркін сауда, бәсекеге қабілеттілік, реформалар мен ашық нарық қағидаттары қайда қалды? Қазақстандық журналистердің арасында еуропалық дөңгелек үстелдерде, баспасөз конференциялары мен брифингтерде еркін нарық пен ашық шекараның артықшылықтары туралы талай мәрте естігендер аз емес. Ендеше не өзгерді?