Матвей СОБОЛЕВ

Материалы

Соғыссыз соғыс: бейбіт күннің өзі қару

Әскери және бейбіт мақсаттағы ресурстар арасындағы шекара мүлдем жойылды деуге болады. Қазіргі таңда қақтығыста пайдалануға болатын кез келген ресурс – тікелей немесе жанама түрде – қазірдің өзінде іске қосылған немесе алдағы уақытта қолданылатын болады. Ал Қазақстанның жаһандық текетірес жағдайында көпвекторлы саясат ұстанып, сырт қалуы мүмкін деген тұжырым – шын мәнінде мазмұнсыз. Өйткені халқымыз, географиялық орналасуы мен табиғи-экономикалық ресурстары қай сценарий болмасын, мүдделері қайшы күштердің стратегиялық есептерінде міндетті түрде ескеріледі.

Өзбекстан тарихи саясатта көш бастап тұр: Қазақстан мен Ресей қайда қателесті?

Тарихи саясатты тарихи ғылыммен шатастыруға болмайды. Тарих ғылымы — «оқиға қалай өтті?» деген сұраққа жауап іздеп, белгілі бір елдің нақты аймағындағы күнделікті өмір құрылымдарының дәл қазіргі күйінде қалыптасуына қандай тарихи себептер әсер еткенін зерттейді. Ал тарихи саясат — бұл мемлекеттік идеология мен басқарудың құралы. Ол арқылы билікке қолайлы оқиғалар интерпретациясы мен түсіндірмелері қоғам санасына сіңіріледі. Бұл тұрғыда Өзбекстан айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгені байқалады.

Көзі ашық, бірақ үнсіз қоғам

Қазақстан халқының негізгі әлеуметтік бөлігі ерекше күй кешіп отыр. Кейде орын алып жатқан оқиғалар шектен шығып жатса да, қоғамның басым бөлігі оларды тек бақылаумен шектелуде. Ал түрлі саяси белсенді топтар өз көзқарасын ашық білдіріп, әрқилы бағыттағы реакция танытып жатқанда, қазақстандықтардың көп бөлігі бұл өзгерістерге тосын салқынқандылықпен қарайды. Мұндай ахуал бір жыл бұрын тосын құбылыс ретінде қабылданар еді. Жуырда ғана халық Қаңтар оқиғасы, «Жаңа Қазақстан» бастамасы, Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Бишімбаев ісі, Шерзат Полаттың өлімі және АЭС бойынша өткен референдум сияқты оқиғаларға айтарлықтай белсенділікпен үн қатып келді. Алайда соңғы уақытта бұл белсенділік күрт төмендеді.

Теңге мен доллар тартысы: валюта нарығындағы криминалды факторлар

Теңге АҚШ долларына шаққандағы бағамының алтыншы жүздік шегінен асқаннан кейін, жаңа «жүздікте» қанша уақыт тұрақтайтыны біраз уақыт белгісіз болды. Шілде айында бұл белгісіздік нақты шешімін тапты. Маусымдық және макроэкономикалық факторлармен қатар, тағы бір себеп – криминалды-психологиялық жағдай. Ірі көлемдегі паралар көбінесе доллармен берілетіндіктен, бұл да валютаға деген қысымды арттырады. Теңге 2015 жылғы қатарлы девальвациялардан кейін беделді валюталар қатарынан шығып қалды. Әлемдік жетекші фиаттық валюталардың барлығында девальвация болғанымен, Қазақстанда қаржылық және саяси билік «қызыл сызықтан» асып кетті.

Қазақстан ғарыш державасы екенін ұмытпаған

Әсіресе, Байқоңыр ғарыш айлағы мен кеңестік кезеңнен мұра болып қалғантехникалық және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының сақталуы еліміздің ғарыш кеңістігіне қайта оралуын едәуір жеңілдетті.

Еще от автора

Қытай тәжірибесі және Қазақстанның даму келешегі

 Қытайда жаңғырудың басты мақсаты – бүкіл халықтың тұрмысын жақсартып, ортақ игілікке қол жеткізу. «Қытай тәжірибесін сол күйінде қайталау міндет емес. Ең бастысы – оның тиімді тұстарын өз қажетімізге жарата білу», – деді саясаттанушы Юрий Булуктаев. «Әділетті Қазақстанды құру және Қытайдың жаңғыру тәжірибесі: жаңа «алтын отызжылдыққа» қадам» атты ғылыми конференцияға қатысқан сарапшылар Қытайда тиімділігі дәлелденген, Қазақстанда да қолдануға болатын көптеген тәсілді ортаға салды. «Даму – барлық түйткілдің шешімін табуға жол ашатын алтын кілт», – деді Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Су Фанцю. Дипломат өз баяндамасында елді жаңғырту Қытай мен Қазақстан үшін бірдей маңызды міндет екенін атап өтті.

Пентагонның сарқылған қару-жарақ қоры және геосаясат

АҚШ-қа Patriot әуе қорғанысы жүйесіне арналған зымыран қорын қалпына келтіру үшін кемінде бес жыл қажет. Ал өзге дереккөздер мен сарапшылардың бағалауынша, бұл мерзім әлдеқайда ұзақ болуы мүмкін. Tomahawk қанатты зымырандарының қорын толықтыруға кемінде жеті жыл керек. Кейбір болжамда бұл мерзім 8,5–9 жыл деп көрсетілген. Пентагон қоймаларындағы қару-жарақ тапшылығы Вашингтонның сыртқы саясатына да ықпал етіп отыр. Ақ үй енді бұрынғыдай әскери күшпен сес көрсете алмайды. Өйткені оның қолындағы әскери қысым жасау мүмкіндігі едәуір шектелген.

Трамп пен Путиннің дизель келісімі: тиімді және тиімсіз тұстары

Саясаткердің шын мәнінде қандай ұстанымда екенін кейде оның не істегенінен емес, қандай қадамға бармағанынан аңғаруға болады. Дональд Трамп Ресейге қарсы «жойқын санкциялар» енгізген жоқ. Владимир Путин де АҚШ пен әлемдік нарыққа дизель отынын жеткізуден бас тартпады. Екі тараптың көздеген мүддесі бөлек болғанымен, бұл жолы олар бір арнада тоғысты. Ал «дизель келісімінің» құнын Еуропа мен Украина төлейтін болады. Трамп үшін Конгреске өтетін аралық сайлаудан барынша аз шығынмен өту маңызды. Өйткені республикашылдардың жеңіске жету мүмкіндігі жоқтың қасы. Ал Путин Батыс елдерінің арасындағы қайшылықтарды сақтап қана қоймай, олардың мейлінше ушыға түсуіне мүдделі.

Венесуэла алтыны: өзгелерге сабақ болған оқиға

Венесуэланың резервіндегі 31 тонна алтынның Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі тек оның сақталатын құқықтық кеңістігін өзгертеді. Ал Каракас үшін жағдай сол күйінде қалды: ел өзіне тиесілі алтынға қол жеткізе алмай отыр. Венесуэла билігінің алтын қорын елге қайтару әрекеттерінің нәтижесіз аяқталуы басқа мемлекеттерге де маңызды сабақ болды – стратегиялық резервті өз аумағында сақтау анағұрлым қауіпсіз. Осыдан кейін Ұлыбритания қоймаларында алтын сақтайтын бірқатар ел бағалы металды өз аумағына қайтару ісін жандандыра түсті.