Матвей СОБОЛЕВ
Материалы
Иран, америкалық мұнай және Қазақстан
АҚШ пен Израильдің шабуылына жауап ретінде Иран өңірдегі АҚШ пен оның одақтастарына тиесілі әскери базаларға, деректер орталықтарына, ЦРУ штаб-пәтерлеріне, порттарға және АҚШ елшіліктеріне соққы беріп жатыр. Дегенмен ең маңызды жауап ретінде Иран мұнай саласына қарсы соққылар жасады. Бұл қадам қазірдің өзінде халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырып отыр. Мұндай жағдайда Астана Тегеранның дрондары мен зымырандары Қазақстан аумағындағы америкалық мұнай активтеріне соққы жасамайды деп үміттенуде, өйткені олар қазірдің өзінде ықтимал әскери нысан ретінде аталып отыр.
Алтынды бұғаттау мүмкін емес
Сарапшылар алтын (және күміс) бағасының өсуіне түрткі болатын факторларды тізбектегенде, Ресей активтерінің бұғатталуына үстірт қана тоқталып, оған баса назар аудармайды. Дегенмен, бұл — өте маңызды сәт. Өйткені доллар мен еуро тек фиаттық (ешқандай активпен қамтамасыз етілмеген) валюталар ғана емес, сонымен қатар олар бойынша дефолт орын алды, яғни міндеттемелерден бас тарту фактісі тіркелді.
Ақпараттық шектеулер аясындағы украин шабуылы
Роскомнадзордың (РКН) Telegram мессенджерінің жұмысын баяулатуға бағытталған әрекеттері Запорожье бағытындағы қарсы шабуыл кезінде Украина Қарулы Күштеріне (УҚК) көмектесіп жіберді. Әрине, күш-жігерін Славянск-Краматорск бағытына жұмылдырып, оңтүстікте қарсыластың резерв жинап жатқанын «байқамай қалған» Ресей Қарулы Күштері Бас штабының да кінәсі бар, бірақ Роскомнадзордың іс-әрекетінен келген зиян да тайға таңба басқандай анық көрініп тұр. Осылайша, ресейлік сарбаздардың қанымен жазылып жатқан «Ақымақтық па, әлде сатқындық па?» деген сауал туындап отыр.
Иран Израильдің үстемдік саясатына қарсы шықты
«Жаһандық институттар тек күштілердің әлсіздерге үстемдігін ақтау үшін ғана өмір сүре ме?» – деген сұрақ қойды Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Дохада өткен Al Jazeera-ның 17-ші форумында. Дипломат өз баяндамасында қазіргі таңдағы ахуалдың дәл осылай екенін дәлелдермен негіздеп берді. Алайда, оның пайымынша, бұл жайт Израильдің «үстемдік доктринасын» күйрету және Палестинаны егемен мемлекетке айналдыру жолындағы жүйелі әрі кешенді іс-қимылдардан бас тартуға себеп болмауы тиіс. Себебі Вашингтонның қолдауына сүйенген Тель-Авив өз іс-әрекеттерінің жазасыз қалатынына сеніп отырған қазіргі жағдайда, кең ауқымды аймақта бейбітшілік орнату мүмкін емес.
Конституциялық түзетулер: биліктің мүддесі мен халықтың сұранысы
Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі — халық үшін маңызды өзгерістер, екіншісі — билік үшін басым мәнге ие түзетулер. Оларды техникалық тұрғыдан жеке-жеке қабылдау мүмкін болмағандықтан, барлық өзгерістер бір пакет аясында ұсынылып отыр. Өзгерістер биліктің мүддесін де, қоғамның негізгі күтілімдерін де белгілі бір деңгейде қамтып отыр. Бірпалаталы немесе екіпалаталы парламент мәселесі қарапайым азамат үшін өмірлік маңызы бар тақырыптардың қатарына жатпайды. Бұл, ең алдымен, «Жаңа Қазақстанды» қалыптастырып отырған саяси топтарға қажет шешім. Себебі өңірлерде ықпалы мықты «Ескі Қазақстан» өкілдерінің Сенат арқылы орталық билікке ықпал ету мүмкіндігін шектеу көзделіп отыр. Сенат болмаған жағдайда жоғарғы билік үшін ықтимал саяси қауіп көздерінің бірі де жойылады.
Еще от автора
Қытай тәжірибесі және Қазақстанның даму келешегі
Қытайда жаңғырудың басты мақсаты – бүкіл халықтың тұрмысын жақсартып, ортақ игілікке қол жеткізу. «Қытай тәжірибесін сол күйінде қайталау міндет емес. Ең бастысы – оның тиімді тұстарын өз қажетімізге жарата білу», – деді саясаттанушы Юрий Булуктаев. «Әділетті Қазақстанды құру және Қытайдың жаңғыру тәжірибесі: жаңа «алтын отызжылдыққа» қадам» атты ғылыми конференцияға қатысқан сарапшылар Қытайда тиімділігі дәлелденген, Қазақстанда да қолдануға болатын көптеген тәсілді ортаға салды.
«Даму – барлық түйткілдің шешімін табуға жол ашатын алтын кілт», – деді Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Су Фанцю. Дипломат өз баяндамасында елді жаңғырту Қытай мен Қазақстан үшін бірдей маңызды міндет екенін атап өтті.
Пентагонның сарқылған қару-жарақ қоры және геосаясат
АҚШ-қа Patriot әуе қорғанысы жүйесіне арналған зымыран қорын қалпына келтіру үшін кемінде бес жыл қажет. Ал өзге дереккөздер мен сарапшылардың бағалауынша, бұл мерзім әлдеқайда ұзақ болуы мүмкін. Tomahawk қанатты зымырандарының қорын толықтыруға кемінде жеті жыл керек. Кейбір болжамда бұл мерзім 8,5–9 жыл деп көрсетілген. Пентагон қоймаларындағы қару-жарақ тапшылығы Вашингтонның сыртқы саясатына да ықпал етіп отыр. Ақ үй енді бұрынғыдай әскери күшпен сес көрсете алмайды. Өйткені оның қолындағы әскери қысым жасау мүмкіндігі едәуір шектелген.
Трамп пен Путиннің дизель келісімі: тиімді және тиімсіз тұстары
Саясаткердің шын мәнінде қандай ұстанымда екенін кейде оның не істегенінен емес, қандай қадамға бармағанынан аңғаруға болады. Дональд Трамп Ресейге қарсы «жойқын санкциялар» енгізген жоқ. Владимир Путин де АҚШ пен әлемдік нарыққа дизель отынын жеткізуден бас тартпады. Екі тараптың көздеген мүддесі бөлек болғанымен, бұл жолы олар бір арнада тоғысты. Ал «дизель келісімінің» құнын Еуропа мен Украина төлейтін болады. Трамп үшін Конгреске өтетін аралық сайлаудан барынша аз шығынмен өту маңызды. Өйткені республикашылдардың жеңіске жету мүмкіндігі жоқтың қасы. Ал Путин Батыс елдерінің арасындағы қайшылықтарды сақтап қана қоймай, олардың мейлінше ушыға түсуіне мүдделі.
Венесуэла алтыны: өзгелерге сабақ болған оқиға
Венесуэланың резервіндегі 31 тонна алтынның Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі тек оның сақталатын құқықтық кеңістігін өзгертеді. Ал Каракас үшін жағдай сол күйінде қалды: ел өзіне тиесілі алтынға қол жеткізе алмай отыр. Венесуэла билігінің алтын қорын елге қайтару әрекеттерінің нәтижесіз аяқталуы басқа мемлекеттерге де маңызды сабақ болды – стратегиялық резервті өз аумағында сақтау анағұрлым қауіпсіз. Осыдан кейін Ұлыбритания қоймаларында алтын сақтайтын бірқатар ел бағалы металды өз аумағына қайтару ісін жандандыра түсті.




