Евразия24Басты бетИзраиль, Иран және ядролық қару мәселесі

Израиль, Иран және ядролық қару мәселесі

|

|

 2026 жылы әлем Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Иран ядролық қару жасауға бір қадам қалды, бірнеше айдың ішінде жасап шығарады немесе оған небәрі екі апта қажет деген мәлімдемелеріне 30 жыл толғанын атап өтті. Осындай мәлімдемелерді алға тартқан Тель-Авив пен Вашингтон Тегеранға қарсы екі рет соғыс ашты. Сірә, Израиль түптің түбінде Иран Ислам Республикасын ядролық арсенал жасауға мәжбүр ететін сияқты. Ал мұндай қаруды нысанаға жеткізетін құралдар Иранда қазірдің өзінде бар.

Ақпарат кеңістігінде Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи ядролық қару жасауға салынған тыйымды алып тастағаны туралы мәліметтер тарап жатыр. Мұны қисынды шешім деп қарастыруға болады. Өйткені Солтүстік Корея ядролық зарядты сынақтан өткізіп, елдің саяси басшылығы оны қолдануға дайын екенін көрсеткеннен кейін ғана АҚШ Пхеньянға қатысты қысымын бәсеңдетті.

Тараған қауесеттерге қарағанда, Тегеранның қолында қазірдің өзінде төрт ядролық қару бар. Бір болжам бойынша, олар Иранның өзінде жасалған. Ал екінші болжамға сәйкес, бұл – Қытайдың келісімімен Солтүстік Корея көрсеткен геосаяси көмектің нәтижесі. Екі нұсқа да шындыққа жанасатындай көрінеді.

Тель-Авив пен Вашингтон Иран Ислам Республикасы ядролық қаруға ие болғанға дейін оның мемлекеттілігін жою қажет екенін бірнеше рет мәлімдеді. Мұндай жағдайда кез келген саяси билік ядролық бағдарламасын жеделдетуге ұмтылары анық. Өйткені олардың өздері алға тартып отырған қисынға сүйенсек, Иран ядролық қаруға ие болғаннан кейін оған шабуыл жасау мәнсіз немесе аса қауіпті болмақ.

АҚШ-та ядролық қаруды қолдануға қатысты қате шешімдердің алдын алуға арналған арнайы тетік бар. Оған сәйкес, ядролық қаруды іске қосу кодтарын тек президент қана емес, жоғары лауазымды екі генерал да растауы тиіс. Алайда соғыс барысында АҚШ-тың соғыс министрі Пит Хегсет оннан астам генералды қызметінен босатты. Олардың қатарында төрт жұлдызды генерал, АҚШ Құрлық әскерлерінің штаб бастығы Рэнди Джордж да бар.

Пентагонда биліктің саяси бағытымен келіспейтін әскери қолбасшыларды осылайша жүйелі түрде қызметтен шеттету Тегеранды өз күшіне сүйеніп, стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын қарастыруға мәжбүр етеді.

Оның үстіне, Дональд Трамп Иранды бірнеше сағаттың ішінде жойып жіберуге қауқарлы екенін айтып, үздіксіз қоқан-лоқы көрсетіп келеді. Мұның бәрі Иран үшін ықтимал шабуылға жауап қайтару мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселесін күн тәртібіне шығарып отыр.

Тегеранның ядролық қаруға ие болуы тек өз қорғанысын қамтамасыз ету мәселесімен шектелмейді. Иранның ядролық арсеналы хуситтер, «Хезболла» қозғалысы және Газа секторы үшін де қауіпсіздік кепіліне айналуы мүмкін. Араб мемлекеттерінің басым бөлігі палестиналықтарға теріс айналып, ал қалғандары Тель-Авивке айтарлықтай әскери қысым көрсете алмай отырған жағдайда, Иран іс жүзінде баламасы жоқ негізгі күш болып қала береді.

Израильдің арнайы қызметтері тарапынан үнемі қастандық жасау қаупіне қарамастан, ирандық ғалымдар мен конструкторлар өзіндік құны салыстырмалы түрде төмен гипердыбыстық зымырандар жасап шығарды. Мәселен, Fattah зымыранының жауынгерлік бөлігінің салмағы 450 келіні құрайды, ал оны сериялық өндіру құны шамамен 2 млн доллар. «Саджиль-2» баллистикалық зымыранының расталған ұшу қашықтығы 1400 шақырымға жетеді, ал оның жауынгерлік бөлігінің салмағы – 1,5 тонна. Мұндай зымырандар ядролық оқтұмсықпен жабдықталған жағдайда аумағы шағын Израиль үшін аса ауыр қауіп төндіруі мүмкін.

Тегеранға қарсы соғыс бастаған Вашингтон мен Тель-Авив іс жүзінде Иранның ядролық бағдарламасын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бақылауынан шығарып алды. Қазір Иран Ислам Республикасының ядролық әлеуетіне қатысты сенімді бақылау деректері жоқ. Ал елдің өз ядролық арсеналын құруға ұмтылуына саяси себептер жеткілікті екені анық.

Дональд Трамптың әрекеттері қаншалықты құбылмалы әрі болжауға қиын болғанымен, оның Иранға ядролық соққы беру туралы бұйрық шығармауына осы жағдай да әсер етіп отырған болуы мүмкін. Өйткені мұндай шабуылға Иранның жауап қайтару ықтималдығы жоғары. Оның үстіне, бұл жауаптың ядролық сипатта болуы да жоққа шығарылмайды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда заңсыз сақталған қаруларды тәркілеу жалғасып жатыр

2026 жылдың басынан бері құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 2 мыңнан астам қару тәркіледі. Оның ішінде кемінде 160 атыс қаруы 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Қазақстан Брюссельде AI-Quryltai жобасын таныстырды

Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиев бастаған Құрылтай делегациясы Брюссельде өткен World e-Parliament Conference 2026 дүниежүзілік электрондық парламент конференциясына қатысты. Конференцияның басты тақырыбы цифрлық трансформация арқылы демократияны дамыту және парламенттердің қызметін нығайту болды.

Алматыда әскери медицина қызметкерлерінің рухына тағзым етілді

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта соғыс жылдарында да, бейбіт уақытта да адам өмірін сақтап қалуға үлес қосқан әскери медицина қызметкерлері мен дәрігерлерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

АҚШ Сенатындағы республикашылдар Трамп ұсынған кандидаттардың Пентагондағы маңызды қызметтерге тағайындалуына тосқауыл қоймақ – БАҚ

АҚШ Сенатындағы республикашылдар президент Дональд Трамп Пентагондағы маңызды қызметтерге ұсынған кемінде екі кандидаттың тағайындалуына кедергі жасауға дайын. Бұл туралы The Washington Post (WP) газеті дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.