Евразия24Басты бетТеңіздегі геосаяси текетірес

Теңіздегі геосаяси текетірес

|

|

Еуропа ресейлік мұнай тасымалдайтын танкерлерге қатысты жүктерді тәркілеуді заңдастырды. Кремль бұл мәселеде жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеуге барынша тырысып келеді. Алайда мұның да шегі бар. Егер Еуроодақ пен Ұлыбритания Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі танкерлердің жүктерін тәркілеуді күшейтсе, Мәскеудің күш қолдану арқылы жауап беруден өзге амалы қалмайды. Мұндай жағдайда барған сайын күшейіп келе жатқан теңіздегі текетірес жаңа кезеңге өтіп, оның салдары Еуропа жағалауларына да жетуі мүмкін.

Еуропа мемлекеттері ресейлік мұнай тасымалдайтын танкерлерді ұстап, олардың жүгін сатып, одан түскен қаржыны өздерінде қалдыруға мүмкіндік беретін тетік әзірледі. Мұндай жағдайда Кремльдің күш қолданудан өзге таңдауы қалмайды.

Ресей бұған дейін бірнеше Еуроодаққа мүше мемлекеттердің туы астында жүзетін кемелерді «беймәлім дрондардың» шабуылына ұшыратудың орнына тым көп уақыт жоғалтты. Одесса маңында жүгері тиеген Golden Leo түрік құрғақ жүк кемесіне жасалған зымыран соққысын күштік әрекеттерге қайта оралудың бастамасы ретінде бағалауға болады.

Біріккен Еуропаның теңіз кеңістігі әзірге еуропалық мемлекеттер үшін қауіпсіз аймақ болып қалып отыр. Ал Ормуз бұғазында Ислам революциясы сақшылар корпусы Парсы шығанағына кіріп-шығудың тәртібін кім белгілейтінін және бұл бағыттағы бақылаудың кімнің қолында екенін әлдеқашан көрсетті.

«Өркендеуді қорғау» операциясы кезінде-ақ хуситтер Пентагонға АҚШ-тың авианосецтік соққы топтары зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының жаппай шабуылына қарсы тұру мүмкіндігі шектеулі екенін көрсетті. Әсіресе зымыранға қарсы қорғаныс оқ-дәрісі таусылғаннан кейін олардың әлеуеті едәуір төмендейтіні байқалды. Ал бүгінде Сауд Арабиясының өртенген танкерлері «Ансар Алланың» теңіз блокадасы туралы мәлімдемелерінің нақты іс-қимылмен бекітіліп жатқанын аңғартады.

Әзірге Мәскеу мәлімдемеден нақты әрекетке көшкен жоқ. Әрине, мұндай қадамның салдары алдын ала болжауға келмейді және жағдайдың бақылаудан шығуына әкелуі мүмкін. Алайда екінші жағынан Ресейдің теңіз арқылы жүзеге асырылатын мұнай, газ және өзге де экспорттық жеткізілімдерінің толық тоқтатылу қаупі тұр. Мұндай жағдай мемлекет кірісіне елеулі соққы болып, ауыр экономикалық салдарға әкелуі ықтимал.

Лондон мен Брюссель Ресеймен текетіресті біртіндеп күшейтіп отыр. Бұған олардың өз әрекеттеріне лайықты жауап көрмеуі де ықпал етуде. Бұл өз кезегінде жаңа қадамдарға баруға ынталандырады. Егер Мәскеу алғашқы кезеңнен-ақ қатаң әрі дәйекті ұстаным танытқанда, Еуропа теңіздерінің қауіпсіз аймақ ретіндегі мәртебесіне күмән туып, сақтандыру төлемдерінің қымбаттауының өзі-ақ көптеген елдің ұстанымына әсер етуі мүмкін еді.

Ресейдің әскери-саяси басшылығының теңіз бағытындағы іс-қимылы ұзақ уақыт бойы тығырыққа тірелді. Қарсы тарап мұндай қадамдарға бармайды деген үміт ақталмады. Урсула фон дер Ляйен бұл саясатты бірден әрі ашық түрде жүргізген жоқ. Дегенмен 2022 жылдан бері Ресейдің теңіз коммуникацияларына қысым жүйелі әрі жоспарлы сипат алды. Батыс көптен бері қолданып келе жатқан «салями тактикасы» осы бағытта да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нәтижесінде Мәскеу күрделі жағдайға тап болды.

Қалыптасқан жағдайда әскери-теңіз күштері арқылы жауап беруден өзге балама ретінде Ресейдің теңіз саудасындағы ұстанымынан айырылу қаупі аталады. Әскери стратегия тұрғысынан мұндай шығын қолайсыз салдар ретінде бағаланады. Халықаралық құқық төңірегіндегі пікірталастарға қарамастан, ғасырлар бойы қалыптасқан теңіз құқығының қағидаттары бар. Осыған сүйенген автордың пайымдауынша, Кремль қарсылас мемлекеттердің бірқатар кемесіне қатаң күштік шара қолдануы тиіс еді. Оның көздеген мақсаты – қарсы тарапты мұндай әрекеттерден бас тартуға мәжбүрлейтін тежеу тетігін қалыптастыру.

2022 жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыстың қазіргі заман тарихында теңдесі жоқ. Оның мақсаттары төңірегінде әлі де көптеген сауал бар, ал Ресейдің әскери-саяси басшылығы қабылдап отырған бірқатар шешімдердің логикасы да қызу пікірталас тудырып келеді. Алайда теңіз бағытындағы қазіргі жағдай Мәскеуді шешім қабылдауды кейінге қалдыруға мүмкіндік қалдырмайтын кезеңге жақындатқаны айтылып жүр.

Егер оқиғалар қазіргі бағытпен өрби берсе, бұл Қазақстан үшін де белгілі бір салдарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда Новороссийск порты мен Қара теңіз бағытымен қатар, Балтық теңізі арқылы өтетін транзиттік дәліздің де тәуекелі артады. Демек, бұл мәселе Қазақстан үшін де стратегиялық тұрғыдан мұқият бағалауды қажет етеді, дегенмен оның салмағы Ресей үшін әлдеқайда ауыр болатыны анық.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстандағы инвесторларға кедергі келтіретін жүйелі мәселелер белгілі болдч

Қажеттілік бар жерде елді мекендердің шекарасын кеңейтіп, индустриялық аймақтарды алдын ала дайындап, оларды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік жеткілікті.

Жалған мәлімдеме қылмыстық іске ұласты

Көрші ел азаматының Қазақстанның беделіне нұқсан келтіру әрекеті сәтсіз аяқталды.«Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам Қазақстан азаматтығын сыбайлас жемқорлықтың және жергілікті халықтың қонақжайлығының арқасында еш қиындықсыз алғанын мәлімдеген.

«Әділет» – Жаңа Қазақстанның жетекші саяси күші

«Шынайы болыңдар – мүмкін еместі талап етіңдер!» Расында да, әдемі айтылған сөз. Бұл ұран 1968 жылғы студенттік толқулар кезінде Францияның ғана емес, бүкіл Еуропаның зияткерлік орталығы саналған Сорбонна университетінің қабырғасында пайда болған деседі. Көп ұзамай мүмкін емес көрінген оқиға да шындыққа айналды: Маршалл жоспары аясында жиналған америкалық долларларды Форт-Нокстағы алтынға айырбастауға тәуекел еткен президент Шарль де Голль қызметінен кетті. Әрине, бұл – тарихтағы бірегей мысал. Өйткені мүмкін еместі талап етіп қана қоймай, оған жету кез келгеннің қолынан келе бермейді. Осы тұрғыдан алғанда, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы қаншалықты жүзеге асады деген сұрақ туындайды. Бағдарламаның мазмұнымен танысқанда-ақ оның нақты ұстанымы мен ауқымды мақсаттары назар аударады. Егер партия мәлімдеген бастамаларын жаңа Құрылтай аясында іске асыра алса, бұл оның сайлау алдындағы негізгі сынағына айналары сөзсіз.

Лихачев ЗАЭС пен Энергодар маңындағы жағдайдың әлі де күрделі екенін мәлімдеді

«Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевтың мәлімдеуінше, өткен аптада Запорожье атом электр стансасы (ЗАЭС) мен Энергодар қаласы маңындағы жағдай тұрақталмаған.