Евразия24Не болдыЕрбаян Мұхтар ақтық сапарға аттанды

Ербаян Мұхтар ақтық сапарға аттанды

|

|

Қорғаныс министрлігі әскери қызмет барысында ауыр бас-ми жарақатын алып, екі жарым жыл бойы өмір үшін күрескен мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты пікір білдірді.

«Жоқ, Қорғаныс министрлігі бұл жағдайдан тыс қалған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерделеніп жатыр. Аталған дерек бойынша тергеуді Ұлттық ұлан жүргізуде. Өз тарапымыздан министрлік құзыреті шеңберінде қажетті көмектің барлығын көрсетіп келеді.

Қоғамда министрлік тек қайғылы жағдай болып, адам қаза тапқаннан кейін ғана әрекет етеді деген қате түсінік бар. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев журналистердің сауалына жауап бере отырып.

Қайғылы оқиға 2023 жылдың желтоқсанында орын алған. Ербаян Мұхтардың туыстарының айтуынша, оған әскери бөлімдегі жарғылық емес қарым-қатынас себеп болған. Олар ресми нұсқада айтылғандай, сарбаздың кафель еденге құлап, басын соғып алғанына сенбейді.

Араға екі жарым жыл уақыт салып Ербаян өмірден озғаннан кейін Қорғаныс министрінің орынбасары журналистерге оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерделеніп жатқанын мәлімдеді. Алайда бұл мәлімдеме қоғамда заңды сұрақтар туындатады. Өйткені Ербаян Мұхтар мен оның отбасының мүддесін қорғаған құқық қорғаушы Инга Иманбай 2024 жылдың қазан айында-ақ тергеудің іс жүзінде алға жылжымағанын мәлімдеген еді:. «Оқиға болғанына бір жылға жуық уақыт өтті, бірақ тергеуде айтарлықтай ілгерілеу жоқ. Мен қорғаушы ретінде іске кіріскен бес айдың ішінде тергеуші Уәлихан Қыдырбай сот-медициналық сараптамадан басқа ешқандай тергеу әрекетін жүргізген жоқ. Бізге фотосуреттерді, бейнежазбаларды немесе іс материалдарын көрсетпеді. Тергеушімен байланысуға тырысқанымызбен, ол телефон қоңырауларына жауап бермейді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы дайын болды ма, тағы қандай мән-жайлар анықталды – мұны білу мүмкін емес», – деген болатын құқық қорғаушы.

Қорғаныс министрінің орынбасарының мәлімдемесіне қарағанда, бұл істі әлі де Ұлттық ұлан тергеп жатыр. Яғни тергеу аяқталмаған, қылмыстық іс сотқа жолданбаған. Демек, осы уақытқа дейін кінәлі тұлғалар да анықталған жоқ.

Енді жәбірленуші өмірден өткеннен кейін істің тоқтатылып қалу қаупі бар. Өйткені Ербаян Мұхтар тірі кезінде тергеу органдары екі жарым жыл ішінде оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтап, істі сотқа жеткізе алмады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Зұлымдық империясы»: Зеленский Ресейге қарсы 40 күндік операцияның қорытындысына көңілі толатынын мәлімдеді

«14 тамызда Ресейдің “зұлымдық империясына” ақыры нүкте қойылды» – батыстық сарапшылар тобы әзірлеген мәтін осылай аталады. Оқуға лайық етіп жазылған екен, ендеше жариялайық. Еш қысқартусыз. Дегенмен әлдекімнің жағада отырып, орындалмас үміттің ақталуын күтуден әбден қажығаны байқалады: «Зеленский өзінің 40 күндік жоспарын жүзеге асырғаннан кейін Путин Кремльдің бір бұрышында бүрісіп жылап, тізе бүгу туралы құжатқа қол қоюға дайын отыр деген сөз де тарап үлгерді.

Қазақстанда міндетті сақтандырудың жаңа түрлері енгізілмек

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі міндетті сақтандырудың тағы бес түрін енгізуді ұсынды. Қазір Қазақстанда міндетті сақтандырудың сегіз түрі және заң талаптарына байланысты қолданылатын сақтандырудың он түрі бар.

Сайлаудан кейінгі алғашқы тағайындаулар

«Тимур Сүлейменов Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін жалғастырады. Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып қайта тағайындалды.

Алматыдағы өрт қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді

Алматыдағы Lamiya тұрғын үй кешенінде болған өрт қайғылы жағдаймен аяқталды. Көпқабатты үйлерде өрттің шығуы сирек құбылыс емес. Алайда бұл жолғы оқиғаға ерекше назар аударуға негіз бар.