Евразия24Не болдыПайда қуамын деп, пәлеге қалды

Пайда қуамын деп, пәлеге қалды

|

|

Такси қосымшалары пайда болғалы бері заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілердің саны азайып, бұл саладағы ашық алдау-арбау тыйылды деп ойлап едік. Бұрын Алматы әуежайына келген әрбір жолаушыны қалаған жеріне қымбат бағаға жеткізіп саламын деп жағалайтын жүргізушілер қарсы алатын. Әсіресе жолақының нақты құнын білмейтін шетелдіктер жиі ұтылатын: жүргізуші қанша сұраса, соған келісіп, діттеген жеріне жететін. Мұндайда заңсыз тасымалдан өзге нақты кінә тағу да оңай емес еді. Оның үстіне оңтүстік астанаға келген қонақтардың бәрі бірдей әділдік іздеп әуре бола бермейтіні түсінікті.

Алайда такси төңірегіндегі мұндай озбырлық әлі де тыйылмаған сияқты.
True Story арнасының хабарлауынша, Алматыда такси жүргізушісі Үндістанның екі азаматынан әуежайдан қала орталығына дейін жеткізгені үшін 150 доллар, яғни 75 мың теңге сұраған. Бұл әдеттегі жолақыдан әлдеқайда жоғары.

Бірақ бұл жолы шетелдіктер үнсіз қалмаған. Олар полицияға арызданған.
«Такси жүргізушісінің кім екені жедел анықталды. Жолаушыларға ақша толық қайтарылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жиналып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданады», – делінген жарияланымда.

Өкінішке қарай, полиция жүргізушінің әрекетін нақты қандай құқық бұзушылық ретінде бағалағаны әзірге белгісіз. Бірақ бұл алаяқтық емес екені анық, әйтпесе іс қылмыстық тәртіппен қаралар еді. Дегенмен бір нәрсе белгілі: мұндай алдау үшін заң алдында жауап беруге тура келеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Бельгия көлік, энергетика және аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек

Қазақстан мен Бельгия көлік және логистика, аса маңызды минералдар, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы дүйсенбі күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Бельгия жан-жақты серіктестікті нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Бельгия арасында ешқандай саяси келіспеушілік жоқ. Бұл екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығын кеңейтуге берік негіз қалайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Еуроодақ Ресейдің қорғаныс өнеркәсібімен байланысы бар 1,5 мыңнан астам компания мен жеке тұлғаға санкция салды

Еуропалық одақ Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысы бар деп есептейтін 826 ұйым мен 743 адамға санкция енгізді. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО-ның ресми журналында жарияланған шешімде айтылған.