Евразия24Не болдыҚаржылық мониторинг агенттігі медициналық алаяқтық схемасын әшкереледі

Қаржылық мониторинг агенттігі медициналық алаяқтық схемасын әшкереледі

|

|

Атырау облысынан медициналық қызмет көрсету саласына қатысты тағы бір келеңсіз ақпарат тарады. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, өңірдегі медициналық ұйымдардың бірінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін көрсетілуі тиіс қызметтер үшін пациенттерден заңсыз ақша алған алаяқтық дерегі анықталған. Келтірілген шығын ондаған миллион теңгемен есептеледі.

«Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 2023–2025 жылдары «Family Health Clinic» ЖШС мен «Ким В.» ЖК клиникасында жұмыс істей жүріп, пациенттерге МӘМС аясында варикозды веналарды емдеу операцияларының тегін жүргізілетінін хабарламаған және бұл қызметтер үшін ақыны өзінің банк шоттарына қабылдап отырған. Сонымен қатар «DamuMed» жүйесіне пациенттерге тегін медициналық көмек көрсетілгені туралы мәліметтер енгізілген. Осы мәліметтердің негізінде медициналық ұйымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы алған. Нәтижесінде бір медициналық қызметтің ақысы екі рет – МӘМС қаражаты есебінен және пациенттердің өз қалтасынан төленген», – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Өкінішке қарай, Қазақстандағы медициналық қызмет көрсету саласында мұндай заң бұзушылықтар алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Көрсетілмеген қызметтерді рәсімдеу, жалған қабылдауларды тіркеу, ақпараттық жүйелердегі «өлі жандар», қымбат диагностикалық зерттеулерге негізсіз жолдамалар беру және көрсетілген медициналық көмектің көлеміне қатысты түрлі айла-шарғылар туралы ақпарат қоғам талқысына жиі шығып келеді.

Егер тергеу нұсқасы расталса, онда бұл бұрынғыдан да сорақы жағдайға айналмақ. Өйткені мұндай жағдайда клиника бір медициналық қызмет үшін бір мезгілде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен де, пациенттердің өз қалтасынан да ақы алған болып шығады.

Бұл жағдай денсаулық сақтау саласын цифрландырудың өзі жүйенің ашықтығы мен адалдығына толық кепіл бола алмайтынын көрсетпей ме? Егер пациент өзіне қандай медициналық қызметтердің тегін көрсетілуге тиіс екенін білмесе, ал мемлекет мұндай заң бұзушылықтарды бірнеше жылдан кейін ғана анықтаса, бұл пациенттерді ақпараттандыру тетіктері де, бақылау жүйесі де әлі де жеткілікті деңгейде жұмыс істемейтінін аңғартады. Мұның бәрі түптеп келгенде, әлі күнге дейін көптеген мәселесі шешілмеген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне кері әсер етеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония мен Оңтүстік Кореяның қор нарықтары өсті, Қытайда акциялар арзандады

Сәрсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор нарықтарында сауда әркелкі нәтижемен аяқталды.

Трамп Ресей америкалық Хаббардты босату үшін ешқандай шарт қоймағанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Ресей билігі америкалық Стивен Хаббардты түрмеден босату үшін Вашингтоннан ештеңе талап етпегенін мәлімдеді. Қазір Хаббард еліне қайтып бара жатыр.

Протекционизм Еуроодақта автокөлік өндірісінің қымбаттауына әкеледі

Еуропалық одақтың отандық автомобиль өнеркәсібін қорғауға бағытталған шаралары көлік өндірісінің өзіндік құнын арттырып, әлемдік жеткізу тізбектерінің қалыптасқан жүйесіне кері әсер етуі мүмкін.

Макрон Франциядағы наразылықтарға шетелдік күштердің араласқанын растайтын белгілер жоқ екенін мәлімдеді

Франция президенті Эмманюэль Макрон өткен демалыс күндері ел аумағында болған наразылық акцияларына шетелдік күштер тікелей араласпаған деп есептейді.