Евразия24Не болдыҚазақстандық арулардың шетелдегі шытырман оқиғалары

Қазақстандық арулардың шетелдегі шытырман оқиғалары

|

|

Таиландтың Пхукет аралында қазақстандық әйелдің қатысуымен адам зардап шеккен қауіпті оқиға орын алды. Оқиға 22 маусым күні тіркелді. Zakon.kz хабарлауынша, 30 жастағы Қазақстан азаматы MG маркалы автокөлікпен жолда ретсіз қозғалып, бірнеше жол-көлік оқиғасына себеп болған.

«Жергілікті БАҚ мәліметінше, полициядан қашуға әрекеттенген кезде оның көлігі шағын автобуспен және мотоциклмен соқтығысқан. Салдарынан екі адам зардап шекті. Әйелді ұстау үшін полицейлер көліктің әйнегін сындыруға мәжбүр болған. Дереккөздердің мәліметіне сәйкес, ол бұған дейін де осыған ұқсас оқиғаларға қатысқан және ауыр эмоциялық күйде болуы мүмкін», – делінген хабарламада. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі азаматшаның ұсталғаны туралы хабардар екенін мәлімдеді. Консулдық Таиландтың құқық қорғау органдарымен байланыс орнатып, қажетті көмек көрсетіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Алайда маусым айында шетелде қазақстандықтардың қатысуымен болған даулы оқиғалар мұнымен шектелген жоқ. Солардың бірі Минскіде болған тағы бір жағдай еді. Маусым айының басында Алматы облысының тұрғыны Беларусь жол қозғалысы ережелерін бұзып, рұқсат етілмеген жерлерге көлік қоюымен әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Автоблогер Алексей Алексеев Facebook-тегі парақшасында: «Минск жол полициясы Алматы облысынан келген қонақты тауып, айыппұл салды. Ол Минскіге дейін жетуге мүмкіндік тапқанымен, көлігін ережеге сай қоюды ескермеген. Соның салдарынан көлігін жаяу жүргіншілер аймағына қалдырған. Бұған наразы болған қала тұрғындары әлеуметтік желілерде мәселе көтеріп, кейін жол полициясы бұл жағдайға назар аударды. Осылайша, біздің елдің өкілі шетелде Қазақстан туралы жағымсыз пікір қалыптастырды. Ұят жағдай», – деп жазды.

Басқа елдердің заңдарын сақтауға немқұрайлы қарайтын отандастарымыз ескеретін бір жайт бар: мұндай әрекеттер тек жеке жауапкершілік мәселесімен шектелмейді. Олар қабылдаушы ел азаматтарының тұтас қоғам туралы көзқарасына әсер етеді. Туризмді дамытуға ұмтылып отырған Қазақстанның халықаралық беделіне өз азаматтарының заңға қайшы әрекеттері оң ықпал етпейтіні анық. Сондықтан тиісті қорытынды шығарып, өзімізді лайықты ұстағанымыз жөн.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.