Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні Омбыда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы XXII форумының пленарлық отырысы алдында жеке кездесу өткізеді. Бұл туралы Кремль хабарлады.
Бельгияда НАТО-ның Еуропадағы Біріккен қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшылығының (SHAPE) штаб-пәтерінде тағылымдамадан өтіп жүрген әйел тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сенбі күні RTBF телеарнасы хабарлады.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы сенбі күні Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев мәлімдеді.
2026–2028 жылдарға арналған Еуразиялық даму банкінің макроэкономикалық болжамы бойынша есепті зерделей отырып, мынадай қысқаша қорытынды жасауға болады. Қазақстан экономикасына қатысты бағалаулар барынша сақтықпен берілген.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан ЕАЭО елдері арасында кейбір экономикалық салаларда ең жоғары жалақы көрсеткішін жоғалтты. Қазіргі таңда еліміз басқа мемлекеттерден тек тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласында ғана алда тұр. Еуразиялық экономикалық комиссияның деректері негізінде жүргізілген бағалау нәтижесінде, бұл саладағы орташа жалақы 1831 АҚШ долларын құрап, Ресейден (1813 доллар) 18 долларға жоғары болды.
Еуропалық қайта құру және даму банкі 2026 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі баяулайды деп болжап отыр. Бұл туралы банктің «Өңірлік экономиканың перспективалары» атты макроэкономикалық баяндамасында айтылған. Құжатта 2025 жылы Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетіп жатқаны атап өтіледі. Бұл ең алдымен Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемінің артуымен байланысты. Жылдың алғашқы алты айында мұнай өндіру 11,6%-ға өсіп, бұл көрсеткіш өнеркәсіп өндірісінің артуына, құбыр көлігі мен көтерме сауданың жандануына ықпал еткен.
«Экономикалық өсімнің халықтың нақты табысына “сіңуі” шекті сипатқа ие екені анықталды. Яғни, халықтың ең кедей 10 пайызының табысы тек жылдық жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі 3,35%-тен асқан жағдайда ғана тұрақты түрде өсетінін көрсетеді. Ал бұдан төмен көрсеткіштер кезінде макроэкономикалық өсім олардың табысына статистикалық тұрғыда елеулі ықпал етпейді. Сонымен қатар халықтың ең бай 10 пайызының табысы ЖІӨ жылдық өсімі 3,30%-тен асқан сәттен бастап оң серпінмен өзгере бастайды.
Азия даму банкі (АДБ) Қазақстан экономикасының өсуіне қатысты болжамын қайта қарап, мынадай жайттарды атап өтті: «Салық түсімдерінің ұлғаюы Үкіметке негізгі капиталға салынатын инвестициялар мен әлеуметтік шығыстар көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде экономикалық белсенділікті ынталандырды. Сонымен қатар, ОПЕК+ ұйымының мұнай өндіру көлемін арттыру туралы шешімі де экономикалық өсімге қатысты оң күтулерді күшейтті».
Бельгияда НАТО-ның Еуропадағы Біріккен қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшылығының (SHAPE) штаб-пәтерінде тағылымдамадан өтіп жүрген әйел тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сенбі күні RTBF телеарнасы хабарлады.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы сенбі күні Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев мәлімдеді.
АҚШ әскері Иранға қарсы операция барысында алыс қашықтықтағы зымырандар мен әуе шабуылына қарсы қорғанысқа арналған тосқауылдаушы зымырандарды жоғары қарқынмен пайдаланып жатыр. Бұл жағдай АҚШ әкімшілігіндегі бірқатар лауазымды тұлғаның алаңдаушылығын күшейткен. Бұл туралы CBS телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.