Тег: инфляция

Әзірбайжан мен Еуроодақ қарым-қатынасындағы жаңа кедергі

Баку. 1 мамыр. ИНТЕРФАКС – Еуропалық одақтың (ЕО) Бакудегі...

АҚШ Қорғаныс министрлігі Дональд Трамптың Германиядағы америкалық әскери контингентті қысқарту жоспары туралы білмеген

Вашингтон. 1 мамыр. ИНТЕРФАКС – АҚШ Қорғаныс министрлігі Германиядан...

Иран сот билігінің басшысы Тегеранның келіссөздерден ешқашан бас тартпағанын мәлімдеді

Дубай. 1 мамыр. ИНТЕРФАКС – Иран билігі әрқашан диалогқа...

Еуропалық Одақ пен Mercosur арасындағы сауда келісімі күшіне енді

Брюссель. 1 мамыр. ИНТЕРФАКС – Еуропалық Одақ пен Оңтүстік...

Инфляциялық күтулер күшейді, халықтың сенімі әлсіз

Ақша-кредит саясаты комитеті негізгі мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамдық кезең нәтижелеріне негізделіп отыр. Аталған кезеңде инфляция мен экономикалық өсімге қатысты болжамдар толығымен жаңартылып, макроэкономикалық үрдістерге, өзекті деректерге және тәуекелдер балансына кешенді талдау жүргізілді. Экономикадағы инфляциялық қысым сақталып отыр. Қысқа мерзімді инфляциялық күтулер айтарлықтай құбылмалы күйінде қалуда. Тұрақты инфляция көрсеткіштері біршама төмендегенімен, әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Экономика жоғары қарқынмен өсіп келеді.

Теңге рубльден ажыраса, не өзгереді?

Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш тағы тіркелді: әдеттегі «1 рубль — 5 теңге» қатынасының орнына 1 рубль 6,7 теңгеге жетті. Дегенмен, мұндай жағдай бұған дейін де болған: жуырда ғана (қашан және қандай себеппен болғанын төменде еске саламыз) рубль 8 теңгеге дейін қымбаттаған. Тереңірек қарасақ, рубль құны 14 теңгеден де асып кеткен кезеңдер бар — оның да мерзімі мен себептерін еске саламыз. Ұлттық валютаның доллармен бағамы тамыздың басында бұрын-соңды болмаған 540 теңгеге дейін әлсіреп, кей сәтте 550-ге жетті. Ал беделді сарапшылар қоғамды «доллар — 600 теңге» деңгейіне дайын болуға шақырып жатыр.

Экономикалық өсім мен халық табысы: қайшылық қайда жатыр?

Аталған қорытындының сыпайылықпен қатар, өткір сын элементтерін де қамтығанын оның алғашқы екі сөйлемінен-ақ аңғаруға болады. Біріншісінде: «2024 жылы Қазақстанның экономикалық өсуі 4,8% деңгейінде болды» деп нақты көрсетілген. Ал келесі сөйлемде бұл көрсеткіш Үкімет болжаған мақсатты деңгейден (5,3%) және өткен жылғы өсім қарқынынан (5,1%) төмен болғаны атап өтіледі. Қорытындыда бұдан әрі келтірілген тұжырымдар сыпайы баяндалғанымен, мәні жағынан сыншыл әрі қатаң сипатқа ие: «2024 жылы Қазақстанның номиналды ішкі жалпы өнімі (ЖІӨ) 12,4%-ға артып, 134,3 трлн теңгені құрады. Алайда, нақты сатып алу қабілеті мен өндіріс көлемінің өсукөрсеткіштері, яғни ЖІӨ-нің нақты өсімі (4,8%) инфляция әсерінен бейтараптандырылды», – делінген Жоғары аудиторлық палата қорытындысында. Бұл тұжырымды бірнеше қырынан бағалауға болады. Бір жағынан, инфляция жалпы өсімді толықтай жоймағанын, ЖІӨ-де нақты өсім сақталғанын білдіруі мүмкін. Екінші жағынан, осы 4,8% көрсеткіштің өзі де нақты емес, түзетілген немесе асыра бағаланған болуы ықтимал деген күмән тудырады.

Жаңа Салық кодексі: Бизнес пен халыққа қосымша жүктеме

Бұл көрсеткіштер нарық қатысушыларының жаңа салықтық талаптар күшіне енбей тұрып болашақтағы ықтимал шығындарды ескеріп, баға саясатын алдын ала қайта қарастырғанын аңғартады. Әсіресе инфляцияға барынша сезімтал секторлар бұл бағытта белсенді әрекет еткен. Сарапшылар 2026 жылдың қаңтарына қарай баға тұрақталады деген болжамға күмәнмен қарайды. Мұндай болжамдар, керісінше, нарықта баға өсімінің жалғасуына себеп болуы мүмкін.

Азық-түлік бағасының күрт өсуі: Ұлттық банктің ескертуі

2025 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық есеппен 9,4 пайызға өсті. Бұған дейін, 1 шілдеде бұл көрсеткіш 9,3 пайыз болған. Жыл басынан бері бағалар 7,7 пайызға артқан. Баға өсімі ең алдымен көкөніс өнімдерінде байқалады.

Еуропалық Одақ пен Mercosur арасындағы сауда келісімі күшіне енді

Брюссель. 1 мамыр. ИНТЕРФАКС – Еуропалық Одақ пен Оңтүстік...

Малидегі ең ірі террористік топ Бамакоға апаратын жолдарды бұғаттайтынын жариялады

Брюссель. 1 мамыр. ИНТЕРФАКС – Сахель аймағындағы «Әл-Қаидамен» байланысты...