Евразия24Таңдаулы жаңалықтарӘлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру

|

|

Қазақстан Республикасы Үкіметі хабарлайды: Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті баға тұрақсыздығы жоғары азық-түлік тауарларын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізбесін уақытша кеңейту жөнінде жоба әзірледі. Құжат қазіргі таңда келісу сатысында. Жақын арада бұл бастама бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жан-жақты талқылау өткізу жоспарланып отыр. Импорттық өнімдерге маусымдық сұраныстың артуын ескере келе, Сауда комитеті ірі импорттаушылар мен азық-түлік жеткізушілерінен тұратын тізім қалыптастырды. Алдағы уақытта олардың қатысуымен желтоқсан айында ең көп сұранысқа ие тауарлардың бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кездесулер өтеді. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Сауда және интеграция министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп баға деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді және туындайтын өзгерістерге жедел әрекет етуді тапсырды.

 

Евразия24 пікірі:

Үкімет ірі азық-түлік импорттаушылары мен жеткізушілерімен өткізуді жоспарлап отырған кездесулер барысында, әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі ықпал ету тетіктерін қолдануы ықтимал. Яғни, келіссөздер негізінде өзара түсіністікке келу және белгілі бір шарттар арқылы бизнесті қоғамдық жауапкершілікке тарту жолы қарастырылып отыр. Бұл – әсіресе тұтыну сұранысы жоғары болатын кезеңде кәсіпкерлік құрылымдардың әлеуметтік рөлін күшейтуге бағытталған амал. Алайда, азық-түлік жеткізушілері мен бөлшек сауда желілері – құрылымы мен функциясы жағынан әртүрлі субъектілер. Түпкі бағаның қалыптасуы көбіне сауда желілерінің ценообразование саясатына байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған механизм – нарықтық тәсілден гөрі әкімшілік-шаралық және реттеу сипатындағы келісім үлгісі. Сондықтан оның азық-түлік бағасының өсу себептеріне жүйелі әсер ету мүмкіндігі шектеулі. Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан бағаларды бақылау мен мониторинг күшейтілген жағдайда да, бұл негізінен реттеу құралы ғана болып қала береді және инфляциялық қысымды түбегейлі шешуге бағытталмаған.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Германия Қытайға экономикалық тәуелділікті азайтудың жаңа шараларын әзірлеп жатыр

Германия билігі Еуроодақ экономикасының стратегиялық маңызы бар салаларының Қытайға тәуелділігін азайтуға бағытталған бірқатар шара әзірлеп жатыр. Бұл туралы Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Финляндия Францияның ядролық тежеу бастамасына қосылды

Финляндия Франция ұсынған ядролық тежеу бастамасына қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ел президентінің кеңсесі мен Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Еуропа биржаларында индекстердің басым бөлігі төмендеді

Дүйсенбіде Еуропаның негізгі қор индекстерінің басым бөлігі төмендеп жатыр. Тек Ұлыбритания нарығында өсім байқалды. Өңірдегі ірі компанияларды қамтитын Stoxx Europe 600 индексі Мәскеу уақытымен 12:49-да 0,3%-ға төмендеп, 637,19 тармақ болды.

Йемен билігі хуситтердің шабуылына Иранның «Кудс» күштерінің командирі көмектесті деп санайды

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) «Кудс» арнайы жасағы командирлерінің бірі, қаржы мәселелеріне жауапты Абдула Реза Шахлаи хуситтердің Йеменнің батыс жағалауындағы шабуылын ұйымдастыруға тікелей қатысқан. Бұл туралы The National дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.