Евразия24Таңдаулы жаңалықтарБалалар қылмысының статистикасы

Балалар қылмысының статистикасы

|

|

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: «Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады. Атап айтқанда, 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Сондай-ақ түрлі акциялар, тұрғылықты жері бойынша аралау, мектептердегі дәрістер, сонымен қатар «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және тағы басқа жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда. «Әр мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Бұл құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. «Ерлік сабағы» атты батылдық дәрістері мен жеке қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілуде. Осы қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар 30%-ға, ал жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар 2,1%-ға төмендеді», — деді спикер.

Еуразия24 пікірі:

Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер қылмысының төмендегенін нақты қай кезеңмен салыстырып отырғаны белгісіз. Алайда, «Еуразия24» таяуда ғана Бас прокуратураның құқықтық статистикасын зерттеп 2025 жылдың 12 айында «балалар жасаған қылмыс саны 30,5%-ға артқанын» атап өткен болатын. 2024 жылы 1,9 мың дерек тіркелген болса, өткен жылы олардың саны 2,5 мыңға жуықтаған. Оның ішінде 199 бала кезекті қылмыс жасаған сәтте соттылығы өтелмеген немесе алынбаған күйде болған. Мұндай санаттағы құқық бұзушылар саны 2024 жылмен салыстырғанда 79,3%-ға өскен. Бұған қоса, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да «24.kz» телеарнасына берген сұхбатында балалар қылмысының 30%-ға артқанын растап, бұл оқиғалардың басым бөлігі мектептегі буллингтен басталатынын айтқан еді. Біз ештеңеге меңземейміз, бірақ ІІМ спикерлеріне баяндама жасамас бұрын мына сілтемедегі ақпаратқа көз жүгіртіп өтсе артық етпес еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Бельгия көлік, энергетика және аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек

Қазақстан мен Бельгия көлік және логистика, аса маңызды минералдар, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы дүйсенбі күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Бельгия жан-жақты серіктестікті нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Бельгия арасында ешқандай саяси келіспеушілік жоқ. Бұл екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығын кеңейтуге берік негіз қалайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Еуроодақ Ресейдің қорғаныс өнеркәсібімен байланысы бар 1,5 мыңнан астам компания мен жеке тұлғаға санкция салды

Еуропалық одақ Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысы бар деп есептейтін 826 ұйым мен 743 адамға санкция енгізді. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО-ның ресми журналында жарияланған шешімде айтылған.