Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҮкіметтің бюджетке қатысты ауқымды жоспарлары

Үкіметтің бюджетке қатысты ауқымды жоспарлары

|

|

ҚазТАГ-тың хабарлауынша, Үкімет Қазақстанның бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз және кіріс көрсеткіштеріне қатысты жоспарларын қайта қарады. (…)

Мәселен, құжаттағы «Республикалық бюджеттің мұнайдан тыс тапшылығын 2025 жылы жалпы ішкі өнімге шаққанда 7,3 пайызға дейін, 2026–2027 жылдары 5,9 пайызға, ал 2028–2029 жылдары 5,5 пайызға дейін төмендету және мұнайдан тыс тапшылықты республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіші ретінде бекіту» деген тұжырымдама өзгертілді. Енді жаңа нұсқада бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмендетілген: «Республикалық бюджеттің мұнайдан тыс тапшылығын ЖІӨ-ге шаққанда 2025 жылы 7,3 пайызға, 2026 жылы 4,9 пайызға, 2027 жылы 3,7 пайызға, ал 2028 жылы 2,7 пайызға дейін азайту» деп көрсетілген. Бұл ретте мұнайдан тыс тапшылық бюджеттің басты индикаторы ретіндегі рөлін сақтайды.

«Республикалық бюджет тапшылығының деңгейін ЖІӨ-ге шаққанда 2025 жылы 2,7%-ға, 2026 жылы 2,5%-ға, 2027 жылы 2,3%-ға, 2028 жылы 2,1%-ға, ал 2029 жылы 2,1%-ға дейін төмендету» деген тұжырымдама «Республикалық бюджет тапшылығының деңгейін ЖІӨ-ге шаққанда 2025 жылы 2,7%-ға, 2026 жылы 2,5%-ға, 2027 жылы 1,7%-ға, ал 2028 жылы 0,9%-ға дейін төмендету» деп өзгертілді.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік қарыз көлемін ЖІӨ-ге шаққанда 2025 жылы 27,2%-дан, 2026 жылы 28,1%-дан, 2027 жылы 29,0%-дан, 2028 жылы 29,9%-дан, ал 2029 жылы 30,8%-дан асырмай сақтау» деген тұжырымдама «Мемлекеттік қарыз көлемін ЖІӨ-ге шаққанда 2025 жылы 25,1%-дан, 2026 жылы 25,3%-дан, 2027 жылы 25,5%-дан, ал 2028 жылы 25,0%-дан аспайтын деңгейде сақтау» болып жаңартылды.

«Үкімет борышының көлемін ЖІӨ-ге шаққанда 2025 жылы 23,2%-дан, 2026 жылы 24,0%-дан, 2027 жылы 24,8%-дан, 2028 жылы 25,6%-дан, ал 2029 жылы 26,4%-дан аспайтын деңгейде сақтау» деген тұжырымдама «Үкімет борышының көлемін ЖІӨ-ге шаққанда 2025 жылы 21,8%-дан, 2026 жылы 21,4%-дан, 2027 жылы 20,8%-дан, ал 2028 жылы 19,6%-дан асырмау» болып өзгертілді.

Сондай-ақ «Республикалық бюджет кірістерін (трансферттерді есепке алмағанда) 2025 жылы ЖІӨ-нің 10,4%-ына, 2026 жылы 10,6%-ына, 2027 жылы 10,4%-ына, 2028 жылы 10,2%-ына, ал 2029 жылы 10,2%-ына жеткізу» деген тұжырымдаманың орнына «Республикалық бюджет кірістерін (трансферттерді есепке алмағанда) ЖІӨ-ге шаққанда 2025 жылы 10,4%, 2026 жылы 10,5%, 2027 жылы 10,3%, ал 2028 жылы 10,1% деңгейіне жеткізу» нұсқасы қабылданды. Қаулы қолданысқа енгізілді.

Еуразия24 пікірі:

Үкімет тарапынан фискалдық бағдарлардың айтарлықтай қатаңдап, бюджеттік тәртіптің күшейіп келе жатқаны байқалады. Мұнайдан тыс тапшылықты азайту қарқыны үдеп, жалпы бюджет тапшылығы 2028 жылға қарай ЖІӨ-нің 0,9 пайызына дейін төмендеп, іс жүзінде «нөлге» жақындап қалды. Мемлекеттік қарыз өсудің орнына тұрақтанып, тіпті азая бастады. Бұл жағдай өте ұстамды, тіпті консервативті деуге болатын бюджеттік саясатқа көшуді аңғартады.
Алайда, мұнайдан тыс тапшылықты небәрі бірнеше жылдың ішінде ЖІӨ-нің 7,3 пайызынан 2,7 пайызына дейін қысқарту арқылы бұл жоспарды іске асыру мүмкін бе? Міндет дұрыс қойылғанымен, өте ауқымды көрінеді. Бұл мақсатқа жету үшін не шикізаттық емес салық базасын едәуір арттыру, не шығыстарды айтарлықтай қысқарту қажет. Ал ең дұрысы екеуін де қатар жүзеге асырған жөн. Бірақ Қазақстан бюджеті инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда, дағдарысқа қарсы шаралар мен әлеуметтік бағдарламаларды қолдауда ынталандырушы рөл атқарып отырғанда, шығыстарды шектеу дәл осы даму жобаларының қаржысыз қалу қаупін тудырады. Мемлекеттің әлеуметтік бағдарламалардан үнемдеуге баруы екіталай.
Жалпы, Қазақстан бұған дейін де бірнеше рет ұстамды фискалдық жоспарлар қабылдап, кейін оларды мұнай бағасының өзгеруіне, әлеуметтік міндеттемелерді қайта қарауға немесе экономиканы қолдау қажеттілігіне байланысты нақты жағдайға бейімдеп өзгертіп келген. Қазіргі уақытта мемлекет үшін ең құнды дүние — кез келген стрестік жағдайда бюджеттік параметрлерді қайта қарай бермей, өз жоспарына адалдық таныта білу. Бірақ бұл — уақыттың еншісіндегі мәселе.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.