Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарАҚШ КҚК-ға жасалған шабуылдар үшін Украинаға наразылық білдірді

АҚШ КҚК-ға жасалған шабуылдар үшін Украинаға наразылық білдірді

|

|

Interfax дерегінше, Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалына жасалған шабуылға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі наразылық білдірген. Себебі бұл жағдай Қазақстан мұнайын жеткізуге қатысты америкалық инвестициялық мүдделерге әсер еткен. Бұл туралы Bloomberg Украина өкілі Ольга Стефанишинаның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті Киевке америкалық мүдделерге зиян келтіруі мүмкін әрекеттерден аулақ болу жөнінде ескерту жасаған. Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрлігі 2025 жылдың желтоқсанында ұшқышсыз аппараттардың шабуылы салдарынан ВПУ-3 қондырғысының жұмысы уақытша тоқтап, сондай-ақ қолайсыз ауа райына байланысты КҚК теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелту көлемі қысқарғанын мәлімдеген. Осы шектеулерге байланысты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы шамамен 300 мың тонна мұнайды балама экспорт бағыттарына қайта бағдарлаған.

Еуразия24 пікірі:

«Азиатский экспресс» телеграм-арнасы да бұл жаңалыққа назар аударып, Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып, Стефанишинаның АҚШ тарапынан қысым болуы мүмкін деген мәселелерге қатысты нақты мәлімет айтудан бас тартқан. Әңгіме негізінен энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдарды толық тоқтату мәселесіне емес, нақты нысандарға жасалған соққыларға қатысты болғанын атап өткен. Басылымда Украина тәуелсіздік алғаннан бері ондаған жыл өтсе де, АҚШ-пен тығыз экономикалық байланыстарды толық қалыптастыра алмағаны атап өтіледі. Осы тұрғыда америкалық дипломатиялық ұстаным үнсіздік танытып отырған Қазақстанмен салыстыра мысал ретінде келтірілген. Әдетте ықпалы зор мемлекетке рұқсат етілетін қадамдар өзгелер үшін қолжетімсіз. Бұл қазақстандық дипломаттар ұлттық мүддені қорғай алмайды дегенді білдірмейді — олар қолда бар саяси құралдар аясында әрекет етіп келеді. Алайда Вашингтонның қатаң күшке негізделген саясатына қарсы тұра алатын одан да ықпалды күш әзірге қалыптаспағанын аңғартады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.