Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттар«Қазақтелеком» жұмысшылары әділетті жалақы талап етуде

«Қазақтелеком» жұмысшылары әділетті жалақы талап етуде

|

|

Vlast.kz хабарлайды: «Ақтауда «Қазақтелеком» компаниясының инженерлері, техникалары, монтажшылары және өзге де мамандары басшылыққа бейнеүндеу жолдап, жалақы мөлшерін қайта қарауды сұрады. Бұл туралы өңірлік «Лада» басылымы хабарлады. «Қазір инфляция деңгейі жоғары, қарапайым жұмысшылар үшін отбасын асырау қиын. Жалақымыз қымбаттаған азық-түлік пен коммуналдық төлемдерді жабуға жетпейді», – деді қызметкерлер. Олардың айтуынша, компанияның топ-менеджерлері 10 айлық көлемінде біржолғы төлем алған, ал қатардағы мамандарға тек 20 мың теңге көлемінде үстемақы берілген. «Бұл – барып тұрған әділетсіздік. Мұндай көзқарас біздің еңбегімізді бағаламау деп түсінеміз», – деді қызметкерлер. Олар негізгі техникалық және өндірістік жұмысты атқаратын мамандардың жалақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды компания басшылығынан сұрап отыр».

 

Евразия24 пікірі:

2024 жылғы «Қазақтелекомның» есептік деректеріне қарағанда, компанияның қаржылық жағдайында айтарлықтай қиындық байқалмайды. Иә, өткен жылмен салыстырғанда таза пайда 35,2%-ға азайған, дегенмен ұлттық компания бәрібір 77,2 млрд теңге табыс тапқан. Оған қоса, қаңтар айында «Қазақтелеком» PIH Communication LLC компаниясына «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-дегі 100% үлесін 1,1 млрд долларға сатқан. Сонымен қатар, оператордың ресми деректеріне сүйенсек, 2021 жылдан бері штаттағы қызметкерлер саны 2 мыңнан астам адамға қысқарған . Әрине, «Қазақтелекомды» Багдат Мусин қалай дамытады – ол өз еркі. Дегенмен, елде халықтың нақты табысы төмендеп жатқан жағдайда, ең болмағанда квазимемлекеттік сектор өз қызметкерлерінің әлеуметік жағдайын жақсартуға ұмтылады деп үміттенген едік. Бұл тұста  жалақы мәселесін көтерген ақтаулық «қазақтелекомдықтарды» бұл үшін жұмыстан шығарып жібермесе болғаны…

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.