Евразия24ЖаңалықтарАҚШ пен Иран келіссөздері кейінге шегерілді

АҚШ пен Иран келіссөздері кейінге шегерілді

|

|

Лондон, 19 маусым. ИНТЕРФАКС — АҚШ пен Иран арасында жұма күні Швейцария аумағында өтуі жоспарланған келіссөздер кейінге қалдырылды. Бұған Израиль армиясының Ливан оңтүстігіндегі «Хезболлаға» қарсы соққылары себеп болғаны хабарланды.

Financial Times басылымының мәліметінше, Израильдің шабуылдарынан кейін Иран ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздерге қатысу үшін делегациясын Швейцарияға жібермеген.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, жұмаға қараған түні және таңертеңгі әуе соққылары салдарынан 10 адам қаза тауып, 33 адам жараланған. Израиль әскері бұл әрекеттерін «Хезболланың» бітімді бұзуына жауап ретінде жасағанын мәлімдеді.

Израиль тарапының хабарлауынша, түн ортасынан кейін «Хезболла» жасаған шабуыл кезінде танк экипажындағы төрт әскери қызметкер қаза тауып, тағы бес сарбаз дрон шабуылынан зардап шеккен.

Басылым дереккөздерінің айтуынша, Иран Ливандағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға кепілдік беруді талап еткен. Тегеранның ұстанымы – «Ливан мәселесі шешілмейінше, келісім болмайды».

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні жоспарланған кездесу Вашингтонның емес, Тегеранның кінәсінен өтпей қалғанын айтты.

Сонымен қатар, Sky News телеарнасы дереккөзге сілтеме жасап, Израиль мен Хезболла атысты тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлады.

Бұған дейін «Хезболла» Ливанның оңтүстігінде алға жылжыған Израиль армиясы бөлімшелерімен қақтығыстар жүріп жатқанын мәлімдеген еді. Ұйым жасақтары Израиль күштерінің Али Тахер биіктігі мен Эн-Набатия маңындағы ауылдарда орнығуына кедергі келтіруге тырысуда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.