Евразия24ЖаңалықтарАҚШ қор нарығындағы сауда индекстердің өсуімен басталды

АҚШ қор нарығындағы сауда индекстердің өсуімен басталды

|

|

Мәскеу. 27 қазан. ИНТЕРФАКС – Сейсенбі күні АҚШ қор нарығындағы сауда негізгі индекстердің өсуімен басталды. Бұған мұнай бағасының төмендеуі ықпал етті. Инвесторлар компаниялардың қаржылық есептеріне баса мән беріп отыр.

Сонымен қатар сейсенбіде АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) екі күндік отырысы басталады. Нарық қатысушылары бұл жолы америкалық орталық банк негізгі пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырады деп күтуде.

UPS (SPB: UPS) акциялары қаржылық есеп жарияланғаннан кейін сауда басында 1,5 пайызға қымбаттады. Әлемдегі ең ірі жедел жеткізу қызметінің үшінші тоқсандағы таза пайдасы азайғанымен, түсімі артқан. Ал түзетілген пайдасы мен түсімі сарапшылардың болжамынан асып түсті.

PayPal Holdings компаниясының нарықтық капиталдануы 2,1 пайызға өсіп жатыр. Төлем жүйесінің тоқсандық таза пайдасы да төмендеген, алайда түсімі артып, түзетілген пайдасы нарық болжамынан жоғары болды.

MidCap Financial Investment Corp. акциялары компанияны бәсекелесі Ares Capital инвестициялық фирмасы 2,6 млрд долларға сатып алатыны туралы хабардан кейін 22,9 пайызға күрт қымбаттады. Ал Ares Capital акцияларының бағасы 0,2 пайызға көтерілді.

Деректерді өңдеу орталықтарының операторы CoreWeave компаниясының нарықтық құны 1,7 пайызға өсуде. Компания жасанды интеллектке арналған жаһандық бұлттық платформасын кеңейтетінін жариялады.

General Motors (SPB: GM) акциялары 3,9 пайызға қымбаттады. Бұған компанияның қараша айында акциялар листингін Нью-Йорк қор биржасынан (NYSE) Nasdaq биржасына көшіретіні туралы жаңалық себеп болды.

Broadcom (SPB: AVGO) компаниясының нарықтық капиталдануы 3,5 пайызға артып жатыр. Бұған ірі қаржы компаниялары Broadcom чиптерін сатып алуға 63 млрд доллар бөлетіні туралы хабар ықпал етті. Сатып алынған чиптер кейін Anthropic жасанды интеллект стартапына жалға беріледі.

Круиздік саяхат ұйымдастыратын Royal Caribbean Group компаниясының нарықтық құны 8,2 пайызға өсті. Бұған өткен тоқсанда таза пайдасы мен түсімінің артуы, сондай-ақ түзетілген пайда бойынша болжамының жақсаруы әсер етті.

Hilton Worldwide қонақүй желісінің акциялары 2,6 пайызға арзандады. Компанияның алдағы тоқсанға арналған болжамы көңіл көншітпеді, ал түсімі сарапшылар күткен деңгейден төмен болды.

Coca-Cola Co. (SPB: KO) акциялары қаржылық көрсеткіштері жоғары болып, жылдық болжамын жақсартқанына қарамастан, 0,5 пайызға арзандады.

Boeing Co. (SPB: BA) компаниясының нарықтық капиталдануы 1,9 пайызға қысқарды. Аэроғарыш саласындағы алпауыт үшінші тоқсанда таза шығынын 46 есе азайтып, түсімін 4 пайызға арттырған. Алайда түзетілген шығын көрсеткіші нарық күткеннен нашар болды.

Amazon.com Inc. (SPB: AMZN) және Alphabet Inc. (SPB: GOOG) компанияларының нарықтық құны 0,7 пайызға, Nvidia Corp. (SPB: NVDA) – 0,9 пайызға, Tesla (SPB: TSLA) – 1,8 пайызға өсті. Ал Ресейде экстремистік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған Meta (SPB: META) компаниясының капиталдануы 0,8 пайызға төмендеді. Apple Inc. (SPB: AAPL) мен Microsoft Corp. (SPB: MSFT) акцияларының бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ.

Western Digital акциялары 5,4 пайызға, Super Micro Computer – 4,5 пайызға, Advanced Micro Devices (SPB: AMD) – 4,4 пайызға қымбаттады. Ал Moderna Inc. (SPB: MRNA) фармацевтикалық компаниясының бағалы қағаздары 5,5 пайызға, бояу өндіруші Sherwin-Williams Co. (SPB: SHW) акциялары 3,9 пайызға арзандады. Sherwin-Williams үшінші тоқсанда түсімінің айтарлықтай өскеніне қарамастан, таза пайдасы азайғанын хабарлады. Компанияның түзетілген пайдасы да нарық болжамынан төмен болды.

Мәскеу уақытымен сағат 16:46-да Dow Jones Industrial Average индексі 0,02 пайызға өсіп, 52 373,16 тармаққа жетті.

Standard & Poor’s 500 индексі 0,32 пайызға көтеріліп, 7 701,64 тармақты құрады.

Nasdaq Composite индексі 0,59 пайызға өсіп, 26 324,50 тармақ деңгейінде саудаланып жатыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкіліне Қазақстан балалары туралы есеп берілді

Оқу-ағарту министрі БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық және институционалдық реформалар жүзеге асырылып жатыр.

Еңбек министрлігі АӘК алушылар санының қысқарғанын мәлімдеді

Қазақстанда 2021–2025 жылдар аралығында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылардың саны екі еседен астам қысқарды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Алматыдағы балабақшада балалар бір-біріне күш көрсеткен

Әлеуметтік желілерде кішкентай балалардың өз қатарласының бірін тұншықтырып, тепкілеп, ұрып-соққаны бейнеленген жан түршігерлік видео таралып жатыр. CMN ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Ал әлеуметтік желідегі басқа бір парақшада аталған балабақшаның атауы да көрсетілген. Әзірге балабақша әкімшілігі де, Алматы қаласының Полиция департаменті де ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан оқиғаның мән-жайына қатысты нақты тұжырым жасауға ерте.

Әскери реформа: сарбаздарға қандай жағдай жасалады?

Қазақстанда әскери реформаның негізгі бағыттары айқындала бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте оны әзірлеуге 10 күн мерзім берген еді. 2026 жылғы 21 қазанда реформа Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауынан өтті. Дайындық жұмыстары белгіленген мерзімнен ұзағырақ жүргізілгенімен, құжаттың толық нұсқасы әлі жарияланған жоқ. Алайда Қорғаныс министрлігі алдағы өзгерістер туралы бірқатар мәлімет ұсынды. Атап айтқанда, армияның ұтқырлығы мен технологиялық мүмкіндіктерін арттыру, мерзімді әскери қызметті екі кезеңге бөлу, сондай-ақ әскери қызметшілерді командирлер тарапынан болатын заңсыз әрекеттерден қорғауды күшейту жоспарланып отыр. «Евразия24» басылымы 30 қыркүйекте ашық дереккөздердегі мәліметтер негізінде әскери реформаның ықтимал нәтижелеріне талдау жасаған болатын. Сол талдауда армияның жай-күйіне, әскери басшылыққа немесе стратегиялық құжаттарға қатысты мәселелерден гөрі, бұрын қабылданған бастамалардың тиісті деңгейде орындалмауы басты түйткіл екені айтылған еді.