Евразия24ЖаңалықтарФРЖ сәрсенбі күні пайыздық мөлшерлемені 3,75–4% деңгейінде сақтайды

ФРЖ сәрсенбі күні пайыздық мөлшерлемені 3,75–4% деңгейінде сақтайды

|

|

Мәскеу. 27 қазан. ИНТЕРФАКС – Сарапшылар мен экономистер АҚШ Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) сәрсенбіде аяқталатын екі күндік отырыстың қорытындысы бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырады деп болжап отыр.

Trading Economics келтірген сарапшылардың ортақ болжамына сәйкес, ФРЖ федералдық қорлар бойынша пайыздық мөлшерлемені (federal funds rate) 3,75–4% деңгейінде сақтайды. Қыркүйекте реттеуші бұл көрсеткішті үш жылда алғаш рет 25 базистік тармаққа көтерген еді.

Осыдан кейін ФРЖ басшылығы ақша-кредит саясатына алдағы уақытта өзгеріс енгізуге асығудың қажеті жоқ екенін білдірді.

ФРЖ басқарушылар кеңесінің мүшесі Мишель Боуман ақша-кредит саясатын одан әрі түзетпес бұрын экономикадағы ахуалды бағалау үшін үзіліс жасауға мүмкіндік бар екенін мәлімдеген.

Сонымен қатар АҚШ-та қыркүйек айында тұтыну бағаларының индексі (CPI) жылдық есеппен 3,7 пайызға өсіп, сәуірден бергі ең жоғары деңгейге жетті. Тамызда бұл көрсеткіш 3,4 пайыз болған. Ал өндірушілер бағасының индексі (PPI) бір ай бұрынғы 5,6 пайыздан 6,3 пайызға дейін көтеріліп, 2022 жылғы желтоқсаннан бергі ең жоғары деңгейге жетті.

АҚШ орталық банкінің төрағасы Кевин Уорш қазан айының ортасында ФРЖ-ның алдағы жоспарларына қатысты болжам жасаудан бас тартып, инфляция жөніндегі соңғы деректерге тоқталмады. «Біз баға тұрақтылығын қамтамасыз ететінімізді анық мәлімдедік. Шамамен бір ай бұрын ақша-кредит саясатын ынталандыру деңгейін біршама төмендеттік. Мен оқиғалардың алдын орап, болжам жасағым келмейді. Биыл өтетін алдағы отырыстарда қандай шешім қабылдайтынымды қазір айтуды қажет деп санамаймын», – деді ол Бангкокта өткен Халықаралық валюта қорының іс-шарасында.

«Егер олар қазан айында мөлшерлемені көтеруді көздесе, бұған жұртшылықты әлдеқайда белсенді түрде дайындауы керек еді», – деп The Wall Street Journal басылымы Goldman Sachs директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, Даллас Федералдық резерв банкінің бұрынғы басшысы Роберт Капланның сөзін келтіреді.

ФРЖ басшылығы қабылдайтын шешімдеріне саясаттың ықпал етпейтінін айтып келеді. Barclays банкінің АҚШ бойынша бас экономисі, бұған дейін он жылдан астам уақыт ФРЖ жүйесінде жұмыс істеген Марк Джаннони де осы пікірмен келіседі. Дегенмен оның айтуынша, аралық сайлауға санаулы күн қалғанда реттеуші үшін басты мақсат – «жаңалықтардың басты тақырыбына айналмау». Barclays болжамынша, АҚШ орталық банкі желтоқсан және қаңтар айларында пайыздық мөлшерлемені әр жолы 25 базистік тармаққа көтереді.

Алайда кейбір экономистер ақша-кредит саясатын қазірден бастап қатаңдату қажет деп есептейді. Олардың пікірінше, желтоқсандағы отырысқа дейін алты апта күтудің қажеті жоқ. Өйткені мөлшерлемені көтеру кешіктірілсе, кейін реттеуші әлдеқайда жылдам әрекет етуге мәжбүр болуы мүмкін. «Тәуекелдерді басқару тұрғысынан қарап, қолда бар деректерді ескерсек, мөлшерлемені осы аптада көтерген дұрыс болар еді», – деді ФРЖ-ның бұрынғы экономисі Клаудия Зам.

Ал Роберт Каплан мөлшерлемені көтеруді бір жарым айға кейінге қалдырудан айтарлықтай қауіп көріп отырған жоқ. Оның айтуынша, бұл – «басқаруға болатын тәуекел». «Стратегиялық қателік пен тактикалық қателіктің айырмашылығы бар», – деді ол.

Каплан сақтық танытудың тағы бір себебі ретінде қаржы нарықтарындағы қазіргі құбылмалылықты атады. «Нарықта орынсыз тұрақсыздық туғызудың салдары ауыр болуы мүмкін», – деп ескертті қаржыгер.

The Wall Street Journal жазуынша, егер сәрсенбі күні пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз қалса, инвесторлар Уорштың баспасөз мәслихатында бұл шешімді қалай түсіндіретініне ерекше мән береді.

ФРЖ-ның қазан айындағы отырысының қорытындысы сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 21:00-де жарияланады. Ал жарты сағаттан кейін реттеуші төрағасының баспасөз мәслихаты басталады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкіліне Қазақстан балалары туралы есеп берілді

Оқу-ағарту министрі БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық және институционалдық реформалар жүзеге асырылып жатыр.

Еңбек министрлігі АӘК алушылар санының қысқарғанын мәлімдеді

Қазақстанда 2021–2025 жылдар аралығында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылардың саны екі еседен астам қысқарды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Алматыдағы балабақшада балалар бір-біріне күш көрсеткен

Әлеуметтік желілерде кішкентай балалардың өз қатарласының бірін тұншықтырып, тепкілеп, ұрып-соққаны бейнеленген жан түршігерлік видео таралып жатыр. CMN ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Ал әлеуметтік желідегі басқа бір парақшада аталған балабақшаның атауы да көрсетілген. Әзірге балабақша әкімшілігі де, Алматы қаласының Полиция департаменті де ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан оқиғаның мән-жайына қатысты нақты тұжырым жасауға ерте.

Әскери реформа: сарбаздарға қандай жағдай жасалады?

Қазақстанда әскери реформаның негізгі бағыттары айқындала бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте оны әзірлеуге 10 күн мерзім берген еді. 2026 жылғы 21 қазанда реформа Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауынан өтті. Дайындық жұмыстары белгіленген мерзімнен ұзағырақ жүргізілгенімен, құжаттың толық нұсқасы әлі жарияланған жоқ. Алайда Қорғаныс министрлігі алдағы өзгерістер туралы бірқатар мәлімет ұсынды. Атап айтқанда, армияның ұтқырлығы мен технологиялық мүмкіндіктерін арттыру, мерзімді әскери қызметті екі кезеңге бөлу, сондай-ақ әскери қызметшілерді командирлер тарапынан болатын заңсыз әрекеттерден қорғауды күшейту жоспарланып отыр. «Евразия24» басылымы 30 қыркүйекте ашық дереккөздердегі мәліметтер негізінде әскери реформаның ықтимал нәтижелеріне талдау жасаған болатын. Сол талдауда армияның жай-күйіне, әскери басшылыққа немесе стратегиялық құжаттарға қатысты мәселелерден гөрі, бұрын қабылданған бастамалардың тиісті деңгейде орындалмауы басты түйткіл екені айтылған еді.