Евразия24ЖаңалықтарАзия-Тынық мұхиты елдерінің қор нарығындағы индекстер әртүрлі бағытта өзгеруде

Азия-Тынық мұхиты елдерінің қор нарығындағы индекстер әртүрлі бағытта өзгеруде

|

|

Гонконг. 9 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жетекші елдердің қор индекстері сейсенбі күні біркелкі қозғалыс танытпай отыр.

Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,68%-ға төмендесе, Гонконгтағы Hang Seng индексі 0,58%-ға өсуде.

Hang Seng индексінің құрамындағы компаниялар арасында Alibaba компаниясының акциялары 7,4%-ға қымбаттап, өсім көшін бастап тұр.

Жылжымайтын мүлік саласындағы бірқатар компаниялардың акциялары айтарлықтай өскен. Мысалы, China Resources Mixc Lifestyle Services – 5,5%, Longfor Group – 5,2%, China Overseas Land & Investment – 3,6%-ға өсті.

JD Health International (фармацевтика) – 5,3%, New Oriental Education & Technology Group (білім беру) – 5,2%, Geely Automobile Holdings (автоөнеркәсіп) – 3,3%, Kuaishou Technology (қысқа бейнежазба платформасы) – 3,2%-ға көтерілді.

Сонымен қатар, Meituan (–3,8%), Wuxi Biologics (–2,9%), Zhongsheng Group Holdings пен Sunny Optical Technology Group (–2,7%), WuXi AppTec (–2,6%), Budweiser Brewing Co. APAC (–2,5%) және PetroChina Co. (–2,4%) акциялары арзандап жатыр.

Жапондық Nikkei 225 индексі 0,28%-ға төмендеді. Advantest Corp. компаниясы 6,8%-ға қымбаттаған. SCREEN Holdings Co. – 2,4%, Tokyo Electron Ltd. – 1,8%-ға өсті. Алайда SoftBank Group Corp. акциялары 3,3%-ға арзандады.

Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 0,94%-ға көтеріліп, қатарынан алтыншы сессияда оң динамиканы көрсетіп отыр. SK Hynix – 3,8%, Posco – 1,6%, Samsung Electronics – 1,4%, LG Energy Solution – 0,6%, Hyundai Motor – 0,1%-ға өскен.

Аустралияның S&P/ASX 200 индексі 0,71%-ға төмендеді. National Australia Bank (NAB) мәліметінше, тамыз айында іскерлік сенім индексі соңғы үш айдағы ең төмен көрсеткіш – 4 пунктке дейін түскен (шілдеде 8 болған). Ал Westpac пен Мельбурн институтының есебі бойынша тұтынушылар сенімі индексі қыркүйекте 95,4 пунктті құрап, өткен аймен салыстырғанда (98,5) төмендеді.

BHP (әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы) – 1,4%-ға, Rio Tinto – 1,5%-ға төмендеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.