Евразия24ЖаңалықтарЛукашенко КХДР-ге сапар жасауға дайын екенін растады

Лукашенко КХДР-ге сапар жасауға дайын екенін растады

|

|

Минск. 9 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Беларусь Президенті Александр Лукашенко Корей Халық-Демократиялық Республикасының құрылған күніне орай КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынды құттықтап, Пхеньянға сапар шегуге дайын екенін мәлімдеді.

«Бейжіңдегі кездесуімізді жылы лебізбен еске аламын. Екі тарапқа қолайлы уақыт туындаған сәтте Сіздің еліңізге сапармен барып, мемлекетаралық қарым-қатынасты жаңа сапалық деңгейге көтеруге әзір екенімді растаймын», – делінген Лукашенконың құттықтауында. Оны сейсенбі күні Президенттің баспасөз қызметі жариялады.

Мемлекет басшысы Беларусь пен КХДР арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен әрекет екі халыққа да пайдасын тигізіп, сенім мен өзара түсіністіктің нығаюына ықпал ететініне сенім білдірді.

Лукашенко сондай-ақ Минск пен Пхеньян арасындағы қатынастар тарихы – достыққа, тең құқықты диалогқа, моральдық және мәдени құндылықтардың ортақтығына негізделген бейбіт ынтымақтастықтың жарқын үлгісі екенін атап өтті.

«1948 жылы егемен мемлекет ретінде жарияланған сәттен бастап КХДР көптеген сынақтардан өтті. Бұл қиындықтар Сіздің халқыңыздың рухын нығайтып, оның дербестігі мен ерекше болмысын сақтап қалуына мүмкіндік берді», – делінген құттықтау мәтінінде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда алаяқтықпен күресу үшін қоңырауларды таңбалау енгізілмек

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан шетелдік радиоактивті қалдықтарды әкелуге тыйым салмақ

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан Мәжілісі педагог мәртебесін арттыру туралы заңды қабылдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.

БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының басшысы Алматыда Орталық Азияға арналған ЮНФПА хабы ашылатынын мәлімдеді

Алматыда БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Орталық Азия хабы ашылады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНФПА-ның атқарушы директоры Диене Кейта Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ермек Көшербаевпен кездесу барысында мәлімдеді.