Евразия24ЖаңалықтарЕО кеңесі Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне қарсы санкциялар енгізді

ЕО кеңесі Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне қарсы санкциялар енгізді

|

|

Брюссель. 17 шілде. INTERFAX – Еуропалық одақ кеңесі жұма күні Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне кіретін бір жеке тұлға мен бес ұйымға қатысты шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

ЕО кеңесінің хабарламасында аталған бес ұйымның барлығы ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануға қажетті электрондық және радиоэлектрондық компоненттерді әзірлеп, өндіретін «АБС Электро» компаниялар тобының құрамына кіретіні айтылған.

Санкциялар тізіміне «АБС Электро» компаниялар тобы басқармасының төрайымы әрі осы топқа қарасты бірнеше компанияның директоры Ирина Харисова да енгізілді.

«Бүгін қабылданған санкциялық шешімдер Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе оған қауіп төндіретін әрекеттерге байланысты енгізілген шектеу шаралары аясында қабылданды», – делінген Брюссель таратқан хабарламада.

Аталған санкциялық тізімге енгізілген жеке және заңды тұлғалардың активтері бұғатталады. Сондай-ақ оларға тікелей немесе жанама түрде қаржы қаражатын не экономикалық ресурстар беруге тыйым салынады. Бұдан бөлек, санкция салынған жеке тұлғаларға Еуропалық одақ аумағына кіруге де шектеу қойылады, деп еске салды ЕО кеңесі.

Тиісті құқықтық актілер 17 шілдеде Еуропалық одақтың Ресми журналында жарияланды. Кеңестің қаулысы жарияланған күннен бастап күшіне енді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

ЕО елдері одақты кеңейту үдерісін жандандыру жолдарын талқылауда

Жұма күні Дублинде өтіп жатқан ЕО-ның Жалпы мәселелер жөніндегі бейресми кеңесінде одақты кеңейту үдерісінде қалыптасқан тоқыраудан шығу жолдары бірнеше айдан бері алғаш рет кеңінен талқыланып жатыр, деп жазды Politico.

Әлемдік нарықта азық-түлік бағасы өсті

Әлемдік азық-түлік бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ай сайынғы шолуында айтылған.

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.