Евразия24ЖаңалықтарЕрлан Қарин Қазақстанның стратегиялық дамуы жөніндегі сарапшылар тобына жетекшілік етеді

Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық дамуы жөніндегі сарапшылар тобына жетекшілік етеді

|

|

Астана. 23 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ұзақ мерзімді даму басымдықтарын айқындаумен айналысатын стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобының құрамын бекітті. Бұл туралы дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобы туралы” өкімге қол қойды. Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобы – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының негізгі бағыттары мен басымдықтарын сараптамалық тұрғыдан зерделеу мақсатында Президент жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сарапшылар тобының құрамына оның жетекшісі, вице-президент Ерлан Қарин, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Құрылтайдың бірқатар депутаттары, «Қазақстан Халық кеңесінің» мүшелері, қоғам қайраткерлері және басқа да азаматтар енді.

Сарапшылар тобының негізгі міндеттері – елдің стратегиялық дамуына қатысты тұжырымдамалық бағыттарды айқындау, оларды сараптамалық тұрғыдан зерделеу, сондай-ақ талдамалық, әлеуметтанулық және форсайт зерттеулерінің нәтижелерін талқылау.

Топтың жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына жүктелді.

Сарапшылар тобының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Оларға топ құрамына кірмейтін мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, бизнес пен азаматтық қоғамның өкілдері, сондай-ақ басқа да мамандар шақырылуы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Офтейк-шарт жасаспаған кен өндірушілерге айыппұл салына ма?

Қазақстанда ірі жер қойнауын пайдаланушылардың отандық өндірушілерден өнім сатып алу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұл енгізу көзделіп отыр. Осы мақсатта Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер әзірленіп жатыр.

Израиль, Иран және ядролық қару мәселесі

 2026 жылы әлем Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Иран ядролық қару жасауға бір қадам қалды, бірнеше айдың ішінде жасап шығарады немесе оған небәрі екі апта қажет деген мәлімдемелеріне 30 жыл толғанын атап өтті. Осындай мәлімдемелерді алға тартқан Тель-Авив пен Вашингтон Тегеранға қарсы екі рет соғыс ашты. Сірә, Израиль түптің түбінде Иран Ислам Республикасын ядролық арсенал жасауға мәжбүр ететін сияқты. Ал мұндай қаруды нысанаға жеткізетін құралдар Иранда қазірдің өзінде бар.

Қазақстанда заңсыз сақталған қаруларды тәркілеу жалғасып жатыр

2026 жылдың басынан бері құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 2 мыңнан астам қару тәркіледі. Оның ішінде кемінде 160 атыс қаруы 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Қазақстан Брюссельде AI-Quryltai жобасын таныстырды

Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиев бастаған Құрылтай делегациясы Брюссельде өткен World e-Parliament Conference 2026 дүниежүзілік электрондық парламент конференциясына қатысты. Конференцияның басты тақырыбы цифрлық трансформация арқылы демократияны дамыту және парламенттердің қызметін нығайту болды.