Евразия24ЖаңалықтарИзраиль оппозициясының жетекшісі сайлауға шетелден араласу туралы айыптаулардың парламент жұмысына кедергі келтіруіне...

Израиль оппозициясының жетекшісі сайлауға шетелден араласу туралы айыптаулардың парламент жұмысына кедергі келтіруіне жол бермеуге шақырды

|

|

Иерусалим. 29 қазан. ИНТЕРФАКС – Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Бас штабының бұрынғы басшысы, оппозициялық блок пен «Яшар» партиясының жетекшісі Гади Айзенкот елдегі сайлауға шетелден араласу ықтималдығы туралы күдіктерді саяси күштердің өз мүддесіне пайдаланып, парламенттің (Кнессет) жаңа құрамының жұмысын бастауын кейінге қалдыруына жол бермеу керектігін мәлімдеді.

«Израиль сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз етіп, сырттан араласу, түрлі алыпсатарлық пен айла-шарғы жасау әрекеттерінің жолын кесуі тиіс. Сонымен қатар саяси күштердің қалыптасқан жағдайды пайдаланып, Кнессеттің 26-шақырылымы депутаттарының ант беру мерзіміне ықпал етуіне жол бермеу қажет», – деп Ynet Айзенкоттың сөзін жазды.

Бұған дейін I24 телеарнасы Израиль Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ноам Сольберг «Шин-Бет» Жалпы қауіпсіздік қызметінен елдегі парламент сайлауына шетелден араласу ықтималдығы туралы ақпаратты тексеруді талап еткенін хабарлаған болатын. The Times of Israel (TOI) басылымының мәліметінше, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху басқаратын биліктегі «Ликуд» партиясы Катар мен Түркияны сайлауда араб сайлаушыларының белсенділігін арттыру мақсатында қаржы бөлді деп күдіктенеді. Алайда мұндай әрекеттерді растайтын дәлелдер әзірге көпшілікке жарияланған жоқ.

TOI басылымының нақтылауынша, «Ликуд» партиясы Нетаньяху бастаған блок басымдыққа ие бола алмаған арабтар қоныстанған елді мекендердегі дауыс беру нәтижелеріне шағым түсіргісі келеді.

Ал «Ликуд» партиясы бұл жағдайды арабтардың «РААМ» партиясына меңзеп, «Раамгейт» деп атады. «Бұл – Кнессетті шетелдік күштердің бақылауына өткізу, Израильді исламдандыру, оңшыл үкіметті құлату және ЦАХАЛ-дың барлық майданда, әсіресе Иранға қатысты бағытта жеңіліп, шегінуіне қол жеткізу мақсатында демократияға жасалған шабуыл», – деп Ynet партия мәлімдемесін жазды.

Мәлімдемеде «бірде-бір сионистік партия «РААМ» және «Біріккен тізім» партияларымен ынтымақтаспауы, ақшаға сатып алынған дауыстар арқылы Кнессет спикерін ауыстырмауы және Израиль үшін қауіпті үкімет құрмауы тиіс» екені айтылған.

Дауыстардың шамамен 91%-ы саналғаннан кейін Нетаньяху бастаған билік коалициясы парламентте 53 орын, ал оппозициялық коалиция 48 орын алатын болды. Арабтардың «РААМ» және «Біріккен тізім» партиялары 19 орынға ие болуы мүмкін. Парламентте көпшілік орынға ие болу үшін кемінде 61 мандат қажет.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Италияда бағаның өсуі мен Мелони үкіметінің саясатына қарсы наразылық шерулері өтті

Рим. 30 қазан. ИНТЕРФАКС – Италияда тұрмыс құнының қымбаттауына,...

Қазақстан мен Қырғызстан Бішкекте өткен екінші өңіраралық ынтымақтастық форумында бірқатар құжатқа қол қойды

Астана. 30 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлерінің...

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара сауда көлемі қаңтар–тамыз айларында 19%-дан астам өсті

*** Қазақстан Қырғызстанға азық-түлік, мұнай-химия және металлургия өнімдерін жеткізуді...

Тоқаев 2027 жылы Қазақстанда түркі мемлекеттерінің іскерлік форумын өткізуді ұсынды

Астана. 30 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...