Евразия24ЖаңалықтарНетаньяху Иранға қатысты уранды шығару және ядролық нысандарға қатаң бақылау орнату қажеттігін...

Нетаньяху Иранға қатысты уранды шығару және ядролық нысандарға қатаң бақылау орнату қажеттігін мәлімдеді

|

|

Иерусалим. 4 қаңтар. ИНТЕРФАКС – Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде Иран аумағынан байытылған уранды шығарып, елдегі ядролық нысандарға нақты әрі тиімді бақылау орнату қажет екенін айтты.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ол Иран тақырыбы өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамппен өткізілген келіссөздерде қозғалған негізгі мәселелердің бірі болғанын атап өтті.

«Біз Иранда уран байытуға жол берілмеуі тиіс деген ортақ ұстанымымызды қуаттадық. Сондай-ақ Ираннан 400 килограмм байытылған уранды шығарып, оның ядролық нысандарына толыққанды және шынайы бақылау орнату қажет», – деп келтіреді The Times of Israel Нетаньяхудың сөзін.

Сонымен қатар премьер-министр Ирандағы наразылық акцияларына қолдау білдіріп, елдің азаматтары өз тағдырын өз қолына алатын сәттің таяғанына үміт білдірді.

Нетаньяху АҚШ-тың Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстау операциясын да қолдайтынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ Трамппен Газа секторындағы жағдайды да талқылағанын айтты. Оның сөзінше, АҚШ президенті ХАМАС қозғалысын қарусыздандыруға нақты ниетті. «Басқа жол жоқ. Бұл – Трамптың 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарын іске асыру үшін қажетті негізгі шарт», – деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылғы 13 маусымда Израиль Иранның ядролық бағдарламасын жою мақсатында әскери операция бастаған болатын. Жауап ретінде Иран да Израильге соққы жасай бастады. 22 маусымда АҚШ Иранның Фордо, Исфахан және Натанз қалаларындағы үш ядролық нысанына әуе шабуылын жасады. Кейінірек президент Трамп екі тарап – Иран мен Израиль – келісімге келген уақытша бітім жариялады.

Желтоқсан айының соңында Нетаньяхумен бірлескен баспасөз мәслихатында сөйлеген Трамп Иран ядролық бағдарламасын қайта бастауға әрекеттенсе, оның салдары ауыр болатынын ескерткен еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірлеп жатыр, бірақ диалогқа да дайындалуда

Еуропалық Одақ Ресейге қатысты 21-санкциялар пакетін әзірлеуді жалғастырып жатыр, сонымен қатар Мәскеумен ықтимал келіссөздерге де дайындалуда. Бұл туралы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін енгізуі мүмкін

Иран болашақта Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін алу құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.

Қазақстанда аңшылық пен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы заңнама жетілдірілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жануарлар дүниесін қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы мәселелеріне қатысты заңға және оған ілеспе құжатқа қол қойды.

АҚШ пен Иран келіссөздері кейінге шегерілді

АҚШ пен Иран арасында жұма күні Швейцария аумағында өтуі жоспарланған келіссөздер кейінге қалдырылды. Бұған Израиль армиясының Ливан оңтүстігіндегі «Хезболлаға» қарсы соққылары себеп болғаны хабарланды.