Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік Кореяда нөсер жауын салдарынан төрт адам қаза тауып, бес мыңнан астам...

Оңтүстік Кореяда нөсер жауын салдарынан төрт адам қаза тауып, бес мыңнан астам адам эвакуацияланды

|

|

Гонконг. 18 шілде. ИНТЕРФАКС – Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбыр салдарынан орын алған су тасқынынан төрт адам қаза тауып, 5 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы «Yonhap» агенттігі хабарлады.

Апаттан тағы бір адам із-түзсіз жоғалды. Ең көп зардап шеккен өңір – Чхунчхон-Намдо провинциясы. Ресми мәліметке сәйкес, елдің 13 өңірінен 5 192 адам эвакуацияланған. Табиғи апат салдарынан 496 мемлекеттік және 276 жеке меншік нысан бүлінген. Су тасқынына байланысты екі жолаушылар паромының қозғалысы тоқтап, жеті негізгі теміржол бағыты бойынша пойыз қатынасы шектелді. Үкімет төтенше жағдайға ден қою үшін барлық тиісті ведомстволарды жұмылдырды.

Корея метеорологиялық басқармасының болжамынша, Кванджу, Пусан және Ульсан қалаларында алдағы күндері 100–200 мм, ал Чхунчхон орталығы, Чолла-Пукто, Тэгу мен Кенсан-Пукто провинцияларында 50–150 мм жауын-шашын түсуі мүмкін.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Сауд Арабиясының мұнай құбырына жасалған дрон шабуылы Ирак аумағынан басталған

ДУБАЙ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Сауд Арабиясының «Шығыс –...

Путин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілдікті кеңейтуді ұсынды

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына...

Путин БРИКС елдерін халықаралық экономикалық ұйымдардағы іс-қимылды үйлестіруге шақырды

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БРИКС елдері Халықаралық валюта...

Йемендік хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазындағы стратегиялық аралды басып алды

ВАШИНГТОН. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Йемендік хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазының...