Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан экономикасына 2035 жылға дейін 2,9 млн маман қажет болады

Қазақстан экономикасына 2035 жылға дейін 2,9 млн маман қажет болады

|

|

АСТАНА. 8 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

«Қызметкерлердің орнын басу қажеттілігі мен жаңадан ашылатын жұмыс орындарын қоса есептегенде, 2035 жылға дейін экономикаға 2,9 млн маман қажет болады. Соның 1,8 миллионы — жұмысшы мамандықтары», — деді Ертаев сейсенбі күні Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, мамандарға сұраныс әсіресе өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында жоғары. Осыған байланысты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар тізімі жаңартылып жатыр. Олардың қатарында инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл және атом энергетикасы бар.

«Бұған дейін болмаған жаңа кәсіп түрлері пайда болады. Сондықтан маман даярлау жүйесі еңбек нарығындағы өзгерістерден қалыспауға тиіс. Экономиканың әр саласына болашақта қандай мамандар қажет болатыны алдын ала анықталып, соған қарай біліктілік талаптары мен білім беру бағдарламалары жедел жаңартылады», — деді министр.

Оның сөзінше, еңбек нарығында сұраныс жоғары жұмысшы мамандықтарын даярлау бағдарламаларына жасанды интеллектіні меңгеруге арналған міндетті бағыт енгізіледі. Ол цифрлық дағдыларды, жасанды интеллект құралдарын пайдалануды, BI-талдауды және киберқауіпсіздікті қамтиды.

«Биылғы жылдың соңына дейін 600-ден астам жұмысшы мамандығы кәсіби стандарттармен қамтылады», — деді Ертаев.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, Қазақстандағы жұмыс күші 9,8 млн адамды құрайды. Оның 9,4 миллионы жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамту деңгейі — 96%.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.