Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Мәжілісі Құрылыс кодексін қабылдады

Қазақстан Мәжілісі Құрылыс кодексін қабылдады

|

|

АСТАНА. 26 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста Құрылыс кодексін екінші оқылымда қабылдады.

Кодекс жобасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы шешімдерді талқылауға жұртшылықтың қатысуы көзделеді. Бұл қоғамға немесе жекелеген тұлғаларға әсер ететін шешімдерге ұсыныс енгізу мүмкіндігін қарастырады.

Құжатта сейсмикалық қауіптілікті және сейсмикалық тәуекелді бағалау сынды жаңа реттеу институттары енгізілген. Сондай-ақ қолданыстағы объектілердің техникалық төлқұжатын әзірлеуге қатысты нормалар көзделген. Бұл олардың тозу деңгейін анықтауға, құрылыс конструкцияларының сапасын тексеруге, нысанды тозығы жеткен деп тануға және оны қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдар жауапты болады.

Сонымен қатар, Құрылыс кодексінде қажетті инженерлік іздестірулер жүргізілмей, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және құрылыс жұмыстарын бастауға тыйым салынады. Жоспарлау тығыздығы, ғимараттардың биіктігі немесе әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету талаптарын бұзатын жағдайда, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізуге де жол берілмейді.

Кодексте «тозығы жеткен» және «апаттық жағдайдағы» нысан ұғымдары, «өрт-техникалық тексеру», сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы «автоматтандырылған реестр» ұғымдары нақты анықталған.

Сондай-ақ, Кодексте елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу мерзімі жиырма жылға дейін, ал республиканың аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын жасау мерзімі кемінде жиырма жыл етіп белгіленген.

Мәжіліс сонымен қатар сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заңды қабылдады. Депутаттар құрылыстағы тірек конструкцияларына, шатыр мен қасбеттерге қатысты кепілдік мерзімін қолданыстағы екі жылдан он жылға дейін ұлғайту туралы түзету енгізді.

Барлық жаңа немесе түзетілетін қала құрылысы жобалары, оның ішінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы міндетті түрде кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтетін болады. Сонымен бірге, лицензиясы бар құрылыс компанияларының (шамамен 80 мың) электрондық тізілімі құрылып, салада тәртіп орнату және жалған ұйымдарды жою мақсат етіледі.

Құжаттар Сенаттың қарауына жолданды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.