Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті: Көлік саласы бәсекеге қабілетті болуы тиіс

Қазақстан Президенті: Көлік саласы бәсекеге қабілетті болуы тиіс

|

|

Астана. 1 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан транзиттік әлеуеті жоғары мемлекет ретінде көлік саласын заманауи және бәсекеге қабілетті деңгейде дамытуы қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау барысында мәлімдеді.

«Көлік жүйесі – экономиканың қозғаушы күші, ілгерілеу мен өркендеудің кепілі деуге толық негіз бар. Біздің еліміз бұл салада орасан зор, тіпті бірегей транзиттік әлеуетке ие. Қазақстан – Еуразия кеңістігіндегі басты транзиттік тораптардың бірі», – деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзін Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

Тоқаевтың айтуынша, еліміз өзінің аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерінің инфрақұрылымын жаңғыртуды кезең-кезеңімен қолға алған.

«Логистикалық хабтар мен қоймалар ашылып жатыр, теміржол бағыттарының құрылысы белсенді түрде жүргізілуде. Мұндай ауқымды шаралар еліміздің сыртқы сауда көлемін арттырып қана қоймай, экономикалық өсімге де серпін береді деп сенемін», – деді Президент.

Оның айтуынша, көлік саласы алдыңғы қатарлы, заманауи әрі жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуы тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Әлемдегі ең бай 500 адамның байлығы бір күнде рекордтық 336 млрд долларға артты

АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім туралы жаңалықтар аясында қор нарықтарының өсуі нәтижесінде дүйсенбі күні әлемдегі ең бай 500 адамның жиынтық байлығы 336 млрд АҚШ долларына көбейді.

Трамптың пікірінше, Сирия «Хезболла» мәселесін Израильге қарағанда тиімдірек шеше алады

АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің Ливанда орналасқан «Хезболла» қозғалысына қарсы жүргізіп отырған іс-қимыл әдістеріне көңілі толмайтынын білдіріп, бұл мәселені Сирия тиімдірек шеше алатынын мәлімдеді.

Грузия мен Сербия сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр

Тбилиси. 16 маусым. ИНТЕРФАКС – Грузия мен Сербия арасындағы...

Goldman Sachs пен Morgan Stanley АҚШ–Иран келісімінен кейін мұнай бағасына қатысты болжамдарын төмендетті

Goldman Sachs сарапшылары АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты реттеу процесін бастау жөніндегі меморандумға қол қойылғаны туралы жаңалықтардан кейін 2026 жылға арналған Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы бойынша болжамын бір баррель үшін 90 доллардан 85 долларға дейін төмендетті. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы банк есебіне сілтеме жасап хабарлады.