Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясында көпжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ел ұстанымын...

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясында көпжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ел ұстанымын таныстырады

|

|

Астана. 23 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы жоғары деңгейлі апталыққа қатысып жатыр, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі сәрсенбіге қараған түні.

Министр БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы саяси пікірталасында сөз сөйлеп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын және көпжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі көзқарасын таныстырады.

Сондай-ақ жаһандық өзгерістер жағдайындағы жасампаз даму мәселесіне жеке тоқталады. Атап айтқанда, Қазақстанның экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, волонтерлікті дамыту, заң үстемдігі мен ынтымақтастық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ қоғам бірлігін арттыру бағытындағы тәжірибесі таныстырылады.

Жоғары деңгейлі апталық аясында Қазақстан делегациясы БҰҰ басшылығымен және оның агенттіктерінің жетекшілерімен, ЕҚЫҰ, Халықаралық Қызыл Крест комитеті және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездеседі.

Сонымен қатар Армения, Әзербайжан, Венгрия, Иордания, Канада, Кипр, Кувейт, Молдова, Польша, Ресей, Словения, Украина, Швейцария және Сальвадор сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Қазақстан делегациясы Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) және Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кездесулеріне де қатысады. Бұдан бөлек, теңізге шығатын жолы жоқ дамушы мемлекеттер мен БҰҰ Өркениеттер альянсының Достар тобы аясындағы жиындарға, сондай-ақ транзиттік-көліктік ынтымақтастық пен инвестиция, экология және цифрландыру мәселелеріне арналған тақырыптық іс-шараларға қатысу көзделген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үкімет жол ережесін бұзғандарға айыппұл жеңілдігін бермеуді ұсынды

Жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзатын жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде жеңілдік берілмеуге тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов осындай пікір білдірді. «Жалпы, жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзатын жүргізушілерге қатысты тәсілді қайта қарау қажет. Мұндай адамдарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдік берілмеуге тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалатын шығынды азайтты

«Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тікелей өндірушілерден сатып алу тәжірибесі кеңейіп келеді. Соның нәтижесінде 2026 жылғы сатып алу науқаны барысында жалпы 70 млрд теңге үнемделді.

Тілге еге болыңыз: Құрылтай әлеуметтік желідегі былапыт сөз үшін жаза енгізу мәселесін қарастырмақ

Қазақстанда әдеп пен адамгершілікке қойылатын талап біртіндеп күшейіп келеді. Құрылтайға «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қызықты заң жобасы түсті. Заң шығарушылар бейәдеп сөздерді көшеден ғана емес, цифрлық кеңістіктен де – ресми интернет-басылымдардан бастап әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларға дейін – аластауды көздеп отыр. Алайда депутаттарды алда мұндай қатаң цензураның қаншалықты негізді екені жөніндегі қызу пікірталас қана емес, одан да маңызды мәселенің шешімі күтіп тұр. Қазақстан жағдайында былапыт сөз деп нені түсінеміз? Өйткені қолданыстағы заңнамада қандай сөздер мен тіркестердің былапыт сөзге жататынын нақты айқындайтын жеке анықтама жоқ.

Алматыда жылан шаққан балаға қатысты жағдай қоғамда қызу талқылануда

21 қыркүйекте БАҚ-та жылан шаққан балаға дәрігерлер көмектесе алмай жатыр деген ақпарат тарады. «АЛМАТЫ, біздің қалада сұржылан шаққанда салатын бірде-бір сарысу жоқ екенін білесіздер ме?? Достарымыздың баласын жылан шағып алды.