Евразия24ЖаңалықтарҚМГ таяу жылдары тауарлық газ өндіру көлемін 1,7 есе арттырып, 4,5 млрд...

ҚМГ таяу жылдары тауарлық газ өндіру көлемін 1,7 есе арттырып, 4,5 млрд текше метрге жеткізуді жоспарлап отыр

|

|

Астана. 23 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады. Ол Мемлекет басшысына ұлттық компанияның 2026 жылдың он айындағы қызметінің нәтижелері туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Хасеновтің айтуынша, қазіргі уақытта ҚМГ-ның нарықтық капиталдандыруы 22 трлн теңгені құрайды. Компанияның қаржылық жағдайы тұрақты және жалпы құны 16,7 трлн теңге болатын ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Хасенов тауарлық газ өндіру көлемін алдағы жылдары 2,6 млрд текше метрден 2030 жылға қарай 4,5 млрд текше метрге дейін арттыруға бағытталған инвестициялық жобалар туралы баяндады.

ҚМГ басшысы компанияның 2026–2030 жылдарға арналған геологиялық барлау бағдарламасын қабылдағанын да хабарлады. Бағдарлама аясында 23 жобаны жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда, 60 мың қума шақырым аумақта ауқымды сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу және 26 іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылау жоспарланып отыр. Бұл жобалардың жалпы геологиялық ресурстық әлеуеті 4,7 млрд тонна шартты отынға бағаланады.

Сонымен қатар, компания қазіргі уақытта игеріліп жатқан кен орындарында қосымша барлау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Атырау облысындағы Батыс Қарасор және Маңғыстау облысындағы Қаражанбастың жағалау аймағы кен орындары өнеркәсіптік игеруге берілді.

Хасеновтің мәліметінше, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында газ нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ қосымша экспорттық бағыттарды дамыту жұмыстары жалғасуда.

Есепті кезеңде еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында 14,9 млн тонна мұнай өңделді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артады деп күтілуде.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін, ал Павлодар мұнай-химия зауытының қуатын 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек, ҚМГ басшысы Атырау облысында полиэтилен өндіру және газ сепарациялау кешенін салу жөніндегі ірі мұнай-газ химиясы жобаларының жүзеге асырылу барысын таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

«ҚазМұнайГаз» – мұнай-газ саласында мемлекет мүддесін білдіретін, көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау қызметін жүзеге асыратын Қазақстанның ұлттық операторы.

23 қарашадағы ресми валюта бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 455 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық дамуы жөніндегі сарапшылар тобына жетекшілік етеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ұзақ мерзімді даму басымдықтарын айқындаумен айналысатын стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобының құрамын бекітті.

Офтейк-шарт жасаспаған кен өндірушілерге айыппұл салына ма?

Қазақстанда ірі жер қойнауын пайдаланушылардың отандық өндірушілерден өнім сатып алу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұл енгізу көзделіп отыр. Осы мақсатта Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер әзірленіп жатыр.

Израиль, Иран және ядролық қару мәселесі

 2026 жылы әлем Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Иран ядролық қару жасауға бір қадам қалды, бірнеше айдың ішінде жасап шығарады немесе оған небәрі екі апта қажет деген мәлімдемелеріне 30 жыл толғанын атап өтті. Осындай мәлімдемелерді алға тартқан Тель-Авив пен Вашингтон Тегеранға қарсы екі рет соғыс ашты. Сірә, Израиль түптің түбінде Иран Ислам Республикасын ядролық арсенал жасауға мәжбүр ететін сияқты. Ал мұндай қаруды нысанаға жеткізетін құралдар Иранда қазірдің өзінде бар.

Қазақстанда заңсыз сақталған қаруларды тәркілеу жалғасып жатыр

2026 жылдың басынан бері құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 2 мыңнан астам қару тәркіледі. Оның ішінде кемінде 160 атыс қаруы 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.