Евразия24ЖаңалықтарҚытай Курил аралдарына қатысты Жапонияның наразылығынан кейін Лавровтың мәлімдемесін қолдады

Қытай Курил аралдарына қатысты Жапонияның наразылығынан кейін Лавровтың мәлімдемесін қолдады

|

|

Пекин. 19 тамыз. ИНТЕРФАКС – Бейжің Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың БҰҰ Жарғысына сәйкес Жапония Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілген мемлекет болып саналатыны туралы мәлімдемесімен келісетінін білдірді.

«Қытай тарапы Сыртқы істер министрі Лавровтың тиісті мәлімдемелерімен келіседі. “Жау мемлекеттер туралы бап” – БҰҰ Жарғысының маңызды ережелерінің бірі», – деді ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь. Оның брифинг барысында журналистің сұрағына берген жауабын сәрсенбі күні Қытай СІМ сайты жариялады.

Линь Цзяньның айтуынша, халықаралық қауымдастық Жапонияға Каир декларациясы, Потсдам декларациясы және Жапонияның тізе бүгу актісі секілді халықаралық құқықтық күші бар құжаттарда оның Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілген мемлекет ретіндегі халықаралық міндеттемелері нақты белгіленгенін еске салуы қажет.

Ол аталған құжаттар соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық тәртіптің маңызды негізін құрайтынын, сондай-ақ Жапонияның халықаралық қауымдастыққа қайта оралуына мүмкіндік берген саяси және құқықтық алғышарт болғанын атап өтті.

«Санаэ Такаити бастаған қазіргі үкімет Жапонияның өткендегі қылмыстары туралы сөз қозғаудан жалтарып келеді. Тарихтан қорытынды шығарудың орнына, өткенді барынша жақсы жағынан көрсетуге және ақтауға тырысады. Сонымен бірге пацифизм қағидаттарынан бас тартып, Жапония Конституциясында, халықаралық және ұлттық заңнамада белгіленген шектеулерден шығуды, елді қайта қаруландыру үдерісін жеделдетуді көздейді», – деді Линь Цзянь.

ҚХР СІМ өкілінің айтуынша, мұндай әрекеттер соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық тәртіпке ашық қарсылық білдіріп, халықаралық бейбітшілік пен әділет қағидаттарына қатер төндіреді.

«Әлемдегі бейбітшілікті жақтайтын барлық мемлекет Жапониядағы оңшыл күштердің осындай қауіпті ұмтылыстарына бірлесе қарсы тұруы керек. Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің нәтижелері мен соғыстан кейінгі халықаралық тәртіпті бірге қорғап, тарихтағы қасіретті оқиғалардың қайталануына жол бермеу қажет», – деді дипломат.

Осы аптаның басында Ресей Сыртқы істер министрі ресми Токио Ресей президенті Владимир Путиннің Курил аралдарына баруына байланысты Ресей елшісін СІМ-ге шақырғаннан кейін «әдеп шегінен шықты» деп мәлімдеген.

«Жапониядағы әріптестеріміз әрі көршілеріміз Ресей Федерациясының президенті өз елінің кез келген аумағына бара алмайды деген мүлдем орынсыз мәлімдемелерімен әдеп шегінен шықты», – деді Лавров Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол Жапония БҰҰ-ға мүше болып, ұйым Жарғысына қол қойып, оны ратификациялау арқылы құжатта белгіленген қағидаттарды толық мойындағанын еске салды.

«Жапониядағы көршілеріміз Жарғыны ратификацияламас бұрын оны толық оқып шықты деп үміттенемін. Сондай-ақ олар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде осы Жарғыға қол қойған мемлекеттердің біріне жау болған кез келген елге қатысты тиісті үкіметтер қабылдаған шаралардың заңдық күшін растайтын 7-бапты да оқыған болар», – деді министр.

Лавровтың айтуынша, Жапония халықаралық құқық нормаларын өз мүддесіне және тығыз одақтастық орнатқан АҚШ-тың ұстанымына бейімдеуге, өткендегі әрекеттері үшін тарихи жауапкершіліктен жалтаруға ұмтылса, бұл елеулі алаңдаушылық туғызады. Ол сондай-ақ Жапонияның үш ядролық емес қағидатына қатысты өзгерістер мен бұрын Конституция бойынша шектелген ел аумағынан тыс әскери қызметті кеңейту мәселелеріне назар аударды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропа қор нарықтарының басым бөлігі төмендеді

Сәрсенбі күнгі саудада Еуропаның негізгі қор индекстерінің басым бөлігі төмендеп жатыр. Франция нарығы ғана оң динамика көрсетуде.

Нетаньяху Кушнермен кездесуде Израильдің Газада ХАМАС-қа соққы беру құқығын сақтауды талап етті 

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ-тың арнайы өкілі Джаред Кушнермен кездесу барысында Газа секторындағы ХАМАС содырларына қарсы соққы беру құқығын сақтап қалуды талап етті. Бұл туралы The Times of Israel дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Трамп Канада тауарларына 50 пайыздық баж салығын енгізуді кейінге қалдыруы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп Канададан импортталатын тауарларға 50% көлемінде кедендік баж салығын енгізу мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Politico ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстанда егін суаруға жерасты суын пайдаланатын шаруаларға салықты азайту ұсынылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі жерасты су қорларын шаруашылық мақсатта кеңінен пайдалану үшін салықтық тетіктерді жеңілдетуді ұсынды. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.