Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Қазақстан Орталық Азияда және одан тыс жерлерде бейбітшілікті сақтауға бар күшін...

Тоқаев: Қазақстан Орталық Азияда және одан тыс жерлерде бейбітшілікті сақтауға бар күшін салады

|

|

Астана. 19 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан бейбіт сыртқы саясат ұстанымын берік сақтап, Орталық Азияда және одан тыс өңірлерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барынша күш салады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізіп келеді. Біз түптің түбінде бейбітшілік салтанат құруға тиіс деп санаймыз. Орталық Азияда ғана емес, одан тыс жерлерде де бейбітшілікті, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні Астанада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде.

Президент рәсімге қатысушыларға Қазақстанның экономикалық әлеуеті және ел экономикасына шетелдік инвестиция тарту бағытындағы жетістіктері туралы да айтты.

«Елімізге шетелдік инвестиция тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасап отырмыз. Қазақстанға келіп, жұмыс істеуге ниетті шетелдік кәсіпкерлер мен ірі компанияларға есігіміз ашық. Өздеріңіз білетіндей, әлемдегі жетекші халықаралық компаниялардың басым бөлігі біздің нарықта қазірдің өзінде жұмыс істейді. Бұл бағыттағы негізгі саясатымыз алдағы уақытта да жалғасатынына сенімдімін. Шетелдік инвестицияға қатысты ашық есік саясатын дәйекті түрде жалғастыра береміз», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформаларға тоқталды. Оның айтуынша, Құрылтай сайлауы осы өзгерістердің заңды жалғасы болмақ. Президент елдегі терең реформалар халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның елшілер өкілдік ететін мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтуға және түрлі бағыттағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, олардың мемлекет басшыларына сәлем жолдады.

Сәрсенбі күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында тоғыз мемлекеттің елшісі Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды. Олар – Молдова елшісі Игорь Молдован, Вьетнам елшісі Нгуен Тхань Ле, Корея Республикасының елшісі Чжон Ки Хон, Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Лунгисани Доминик Нтомбелла, Словакия елшісі Любомир Регак, Германия елшісі Хайке Ренате Пайч, Әзербайжан елшісі Алимирзамин Аскеров, Словения елшісі Бранко Раковец және Намибия елшісі Моника Ндилявике.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда қиын жағдайға тап болған азаматтардың кешірілген несиесіне салық салмау ұсынылды

Қазақстанда алаяқтардан зардап шеккен немесе күрделі өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың несиесі кешірілген кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босату мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан энергия тұтыну деңгейі жоғары елдер қатарында

«Қазақстан жан басына шаққандағы энергия тұтыну көлемі бойынша әлем елдері арасында 22-орында тұр.

Мектеп формасы: талап пен жауапкершілік

«Қазақстанда оқушы мектеп формасына қойылатын талаптарды бірнеше рет бұзған жағдайда оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Экс-депутат Базарбекке қатысты жол апаты бойынша тергеу жүріп жатыр

Қазақстандық заңгер, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек адам қағу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеліп жатыр.