Евразия24ЖаңалықтарТоқаев тілдік және этностық белгі бойынша кемсітуге жол берілмейтінін айтты

Тоқаев тілдік және этностық белгі бойынша кемсітуге жол берілмейтінін айтты

|

|

Астана. 24 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тілдік, этностық және басқа да белгілер бойынша араздық туғызуға жол берілмейтінін мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, тілдік, этностық, діни немесе өзге де белгілер бойынша кемсітуге Конституцияның өзінде тыйым салынған. Соған қарамастан, кәсіби арандатушылар кейде әлеуметтік желіде де, күнделікті өмірде де этносаралық араздықты әдейі өршітуге тырысады», – деді Тоқаев бейсенбі күні Астанада өткен Халық кеңесінің алғашқы сессиясында.

Президенттің айтуынша, мұндай әрекеттердің мақсаты – қоғамды әлсірету, Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіру, халықтың бірлігіне сызат түсіріп, елдегі бейбітшілік пен әл-ауқатқа қауіп төндіру.

«Олар, шын мәнінде, балаларымыз бен немерелеріміздің жарқын болашағына қауіп төндіреді. Сондықтан құқық қорғау органдары да, бүкіл қоғам да мұндай әрекеттерге қатысты берік ұстаным танытып, «Заң және тәртіп» конституциялық қағидатына сай әрекет етуге тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев қазақ тілінің жалпыұлттық бірлікті нығайтып, мемлекеттілікті бекемдеуде айрықша маңызы бар екенін атап өтті.

«Бұған дейін болжам ретінде айтылған жайт қазір шындыққа айналып келеді. Қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, әсіресе саяси мәжбүрлеусіз-ақ кеңінен қолданыла бастады. Әсіресе жастар арасында оған қызығушылық артып келеді. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде де, ұлттық мәдениет пен болмыстың нышаны ретінде де қоғамға қажет», – деді Президент.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы бұл басқа тілдерден бас тарту немесе олардың қолданылу аясын шектеу дегенді білдірмейтінін айтты.

«Тіл – Жаратқанның сыйы. Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратушыға және оның жаратқанына қарсы шығумен тең. Бұдан асқан ақылсыздықты елестету қиын. Сондықтан қай тіл болмасын, қоғамның бірлігі мен дамуына қызмет етуге тиіс», – деді Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Швейцарияның орталық банкі мөлшерлемені 0% деңгейінде қалдырып, инфляция болжамын көтерді

Швейцария ұлттық банкі (SNB) бейсенбі күнгі отырысында негізгі пайыздық мөлшерлемені жылдық 0% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Бұл шешім Trading Economics сауалнамасына қатысқан сарапшылардың болжамымен сәйкес келді.

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қояды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша жақын арада консультациялар өткізетінін мәлімдеді.

Шенеуніктің ұлына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Әңгіме Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың ұлы Ердәулет Закиров туралы болып отыр. Ол 29 мамырда Астана – Павлодар тасжолында жол апатына түсіп, салдарынан жас жігіт екі аяғынан айырылды.

Сарапшы: АИ-92 бензинінің литрі 1 долларға дейін қымбаттауы мүмкін

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов былай деп жазады: «Естеріңізде болса, бұған дейін 2040 жылға дейінгі мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасында ең басты екі сұраққа жауап жоқ екенін жазған едім: мұнайды қайдан аламыз (өзімізде жоқ) және жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытының қуаты ұлғайтылып, төртінші жаңа зауыт салынғаннан кейін жанармай бағасы қандай болады?