Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Ұлттық банкке инфляцияны төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде...

Тоқаев Ұлттық банкке инфляцияны төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді

|

|

Астана. 9 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің экономиканың, қаржы жүйесінің жағдайы және жүзеге асырылып жатқан ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары туралы есебін тыңдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада атап өтілгендей, Президент Ұлттық банктің алдағы қызметіне қатысты бірқатар міндет жүктеп, инфляцияны төмендетудің, қаржы нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, сондай-ақ секторды цифрлық трансформациялаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Тимур Сүлейменов Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және орта мерзімді кезеңде инфляцияны 5% деңгейіне жеткізу жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі қазан айындағы 12,6%-дан 12,4%-ға дейін төмендеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірлеп жатыр, бірақ диалогқа да дайындалуда

Еуропалық Одақ Ресейге қатысты 21-санкциялар пакетін әзірлеуді жалғастырып жатыр, сонымен қатар Мәскеумен ықтимал келіссөздерге де дайындалуда. Бұл туралы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін енгізуі мүмкін

Иран болашақта Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін алу құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.

Қазақстанда аңшылық пен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы заңнама жетілдірілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жануарлар дүниесін қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы мәселелеріне қатысты заңға және оған ілеспе құжатқа қол қойды.

АҚШ пен Иран келіссөздері кейінге шегерілді

АҚШ пен Иран арасында жұма күні Швейцария аумағында өтуі жоспарланған келіссөздер кейінге қалдырылды. Бұған Израиль армиясының Ливан оңтүстігіндегі «Хезболлаға» қарсы соққылары себеп болғаны хабарланды.