Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда Ақтау мен Петропавл арасындағы әуе рейсін ашу мүмкіндігі қарастырылуда

Қазақстанда Ақтау мен Петропавл арасындағы әуе рейсін ашу мүмкіндігі қарастырылуда

|

|

Астана. 9 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Елдің авиациялық билігі Петропавл – Ақтау бағыты бойынша әуе рейсін іске қосу мүмкіндігін пысықтап жатыр. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

«Елімізде шамамен 821 ішкі рейс бар. Көлік министрлігі ретінде біз әрбір өңірдің Алматы мен Астанамен әуе қатынасын қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл міндет толық орындалып отыр. (…) Ел аумағының ауқымын ескерсек, облыстар арасындағы әуе байланысы да жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі уақытта біз Петропавл мен Ақтау арасында тікелей әуе қатынасын жолға қою мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», – деді Нұрлан Сауранбаев сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің түсіндіруінше, жаңа ішкі бағыттарды ашу мәселесі әдетте субсидиялардың жеткіліксіздігімен және бос әуе кемелерінің шектеулі болуымен байланысты.

«Өңірлер арасындағы рейстер туралы сөз болғанда (…) олардың барлығы билеттердің қолжетімді болуын қалайды. Бұл қосымша шамамен 400 млн теңге көлемінде дотация бөлуді талап етеді (…) республикалық немесе жергілікті бюджеттен. Екінші мәселе – қандай әуе кемелерімен қамтамасыз ету. Сондықтан өңірлер бізге өтінішпен келгенде, біз “мәселе жоқ, іске асырайық” дейміз. Алайда қолда бар субсидия көлемі шектеулі: республикалық бюджеттен бар болғаны 6 млрд теңге ғана қарастырылған. Сол себепті жаңа бағыттардың ашылуы осы екі факторға тіреліп отыр», – деп атап өтті министр.

Өз кезегінде Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Астана мен Бурабай курорты арасындағы әуе рейстерін іске қосу жөніндегі ақпаратқа түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл бастама тапсырыспен орындалатын чартерлік рейстерге қатысты.

«Иә, мұндай мәлімдеме болды, мен оны баспасөзден көрдім. Әңгіме тапсырыстық, чартерлік бағыттар туралы. Бұл – шағын әуе кемелері, олар Астана мен Бурабай курорты арасында қатынауы мүмкін, осылайша жолаушылардың ұшақпен ыңғайлы әрі жылдам жетуіне мүмкіндік туады. Жалпы, мұндай мүмкіндік бар, институционалдық тұрғыда кедергілер жоқ. Әуе паркі кеңейіп келеді, сондықтан болашақта мұндай бағыттар да көбейеді деп ойлаймын», – деді ол.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.