Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Ресей арасындағы саяси диалог бұрын-соңды болмаған жоғары қарқын алды

Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси диалог бұрын-соңды болмаған жоғары қарқын алды

|

|

Астана. 9 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Бұл туралы сейсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстан мен Ресей арасындағы көпқырлы ынтымақтастық барлық бағыттар бойынша табысты дамып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ саяси диалогтың бұрын-соңды болмаған жоғары динамикаға ие болғаны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының мазмұнды нәтижелеріне және Ресей Президенті Владимир Путинмен өткен келіссөздердің тиімділігіне ерекше назар аударды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған келіссөздер екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі дамытуға елеулі серпін берген.

Қазақстан Президентінің Ресейге мемлекеттік сапары 11–12 қараша күндері өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.