Евразия24ЖаңалықтарЖер қойнауын пайдаланушыларға офтейк-шарт жасаспағаны үшін айыппұл енгізілмек

Жер қойнауын пайдаланушыларға офтейк-шарт жасаспағаны үшін айыппұл енгізілмек

|

|

Астана. 23 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда ірі жер қойнауын пайдаланушылардың отандық өндірушілерден өнім сатып алу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұл енгізу көзделіп отыр. Осы мақсатта Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер әзірленіп жатыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев хабарлады.

«Қазіргі уақытта офтейк-келісімшарттар тетігі нақты реттелген. Бұл – жаңа өнім шығаруға немесе өндірісті жаңғыртуға арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар. Тетік енгізілгенімен, міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік әлі белгіленбеген. Біздің міндетіміз – тиісті жауапкершілік шараларын айқындап, оларды заң жүзінде бекіту», – деді Нағаспаев дүйсенбі күні Құрылтайда өткен үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, алдын ала ұсыныс бойынша, сатып алу бағдарламасы бірінші жыл ішінде бекітілмесе, сатып алудың жалпы сомасының шамамен 1 пайызы мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Ал бағдарлама екінші және одан кейінгі жылдары да бекітілмеген жағдайда айыппұл мөлшерін 3 пайызға дейін арттыру ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, отандық өндірушілермен осындай жаңа өнім шығару жөнінде офтейк-келісімшарт жасаспай, сол өнімді шетелден импорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларға тауар құнының 30 пайызына дейін айыппұл салу мүмкіндігі талқыланып жатыр.

«Қазір тауар құнының 30 пайызы мөлшерінде айыппұл белгілеу мәселесі қаралуда. Егер жер қойнауын пайдаланушы өнімді шетелден әкеліп, дәл сондай жаңа өнім өндіру үшін отандық кәсіпорынмен офтейк-келісімшарт жасаспаса, оған айыппұл салынады. Бұл мәселеде біздің ұстанымымыз қатаң», – деп қорытындылады министр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ҚМГ таяу жылдары тауарлық газ өндіру көлемін 1,7 есе арттырып, 4,5 млрд текше метрге жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.

Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық дамуы жөніндегі сарапшылар тобына жетекшілік етеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ұзақ мерзімді даму басымдықтарын айқындаумен айналысатын стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобының құрамын бекітті.

Офтейк-шарт жасаспаған кен өндірушілерге айыппұл салына ма?

Қазақстанда ірі жер қойнауын пайдаланушылардың отандық өндірушілерден өнім сатып алу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұл енгізу көзделіп отыр. Осы мақсатта Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер әзірленіп жатыр.

Израиль, Иран және ядролық қару мәселесі

 2026 жылы әлем Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Иран ядролық қару жасауға бір қадам қалды, бірнеше айдың ішінде жасап шығарады немесе оған небәрі екі апта қажет деген мәлімдемелеріне 30 жыл толғанын атап өтті. Осындай мәлімдемелерді алға тартқан Тель-Авив пен Вашингтон Тегеранға қарсы екі рет соғыс ашты. Сірә, Израиль түптің түбінде Иран Ислам Республикасын ядролық арсенал жасауға мәжбүр ететін сияқты. Ал мұндай қаруды нысанаға жеткізетін құралдар Иранда қазірдің өзінде бар.