Евразия24ЖаңалықтарРим Папасы Лев XIV Венесуэланың егемендігін және азаматтарының құқықтарын қорғауға шақырды

Рим Папасы Лев XIV Венесуэланың егемендігін және азаматтарының құқықтарын қорғауға шақырды

|

|

Рим. 4 қаңтар. ИНТЕРФАКС – Рим Папасы Лев XIV жексенбі күні Ватикандағы Әулие Петр алаңында сөйлеген сөзінде Венесуэладағы жағдайды тұрақтандыру және ел халқының әл-ауқатын жақсарту үшін халықаралық қауымдастықты бірлесіп әрекет етуге шақырды. Бұл туралы Vatican News хабарлады.

«Венесуэла халқының игілігі кез келген басқа мүддеден жоғары тұруы тиіс. Бұл бізге зорлық-зомбылықты тоқтатуға, әділет пен бейбітшілік жолын таңдауға, мемлекеттің егемендігін қорғауға, ел Конституциясында бекітілген құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектесуі керек», – деді понтифик.

Папа елде қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіріп, азаматтардың, әсіресе экономикалық қиындықтарға тап болған осал топтардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Ол тұрақты әрі үйлесімді болашақ құру жолында ынтымақтастыққа шақырып, Венесуэла халқының амандығы үшін дұға етуге үндеді.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын АҚШ арнайы жасағы Каракаста Венесуэла президенті Николас Мадуроны тұтқындап, кейін оны АҚШ-қа жеткізген. Онда оған есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылмақ.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Венесуэлада билік бейбіт түрде ауысқанға дейін бұл елдің басқаруын өз қолына алатынын мәлімдеген болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.