Евразия24ЖаңалықтарМадуро Нью-Йорктегі тергеу изоляторында отыр

Мадуро Нью-Йорктегі тергеу изоляторында отыр

|

|

Вашингтон. 5 қаңтар. ИНТЕРФАКС – Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро Нью-Йорктегі Бруклин ауданында орналасқан федералдық тергеу изоляторының (MDC) жоғарғы қабаттарының біріндегі ортақ камераға орналастырылған. Бұл туралы CBS News телеарнасы хабарлады.

Мадуро резонансты қылмыстық істер бойынша қамауға алынған өзге де белгілі тұтқындармен бірге бір камерада отыр.

Дүйсенбі күні ол жұбайымен бірге Нью-Йорктегі Манхэттен ауданындағы федералдық сотқа айып тағу рәсіміне жеткізіледі. Сенбі күні жарияланған 25 беттен тұратын айыптау қорытындысында Мадуро мен өзге тұлғаларға АҚШ-қа мыңдаған тонна кокаин жеткізуге жәрдемдесу мақсатында есірткі картельдерімен ынтымақтастық жасаған деген айып тағылған. Айыбы дәлелденген жағдайда оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Мадуроның адвокаттары оның қамауға алынуының заңдылығына күмән келтіріп, ол егемен мемлекет басшысы ретінде соттық қудалаудан иммунитетке ие болғанын алға тартуы ықтимал.

Мадуро мен оның жұбайы сенбіге қараған түні АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы жүргізген әскери операциясы барысында Каракастағы президент сарайында америкалық арнайы жасақ тарапынан ұсталғаннан кейін Нью-Йоркке жеткізілген.

Сенбі күні күндіз (жергілікті уақыт бойынша) Мадуро мен оның жұбайы отырған ФБР ұшағы Нью-Йорк штатындағы Ұлттық гвардияның Стюарт әуе базасына қонған. Сол жерден олар күзетпен Манхэттендегі Есірткімен күрес басқармасына (DEA), кейін Бруклиндегі федералдық тергеу изоляторына жеткізілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылы Қазақстанда картоп пен көкөніс өнімінің орташа көлемде жиналатынын болжады

Қазақстан 2026 жылы 2,5–2,6 млн тонна картоп және шамамен 3,5 млн тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр.

Wildberries 2027 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жалпы аумағы 260 мың шаршы метр болатын қойма кешендерін пайдалануға береді

Wildberries компаниясы Алматы мен Астанада жалпы аумағы 260 мың шаршы метрді құрайтын қойма кешендерін салып жатыр.

Еуропада футболдан әлем чемпионатының балама турнирін өткізу мүмкіндігі қарастырылуда

Егер ФИФА президенті Джанни Инфантиномен арадағы текетірес жалғасатын болса, УЕФА серіктестерімен бірлесіп футболдан әлем чемпионатының балама нұсқасын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруы ықтимал.

Қазақстан Алатауда «жасыл» авиаотын өндіретін экожүйе құруды жоспарлап отыр

Қазақстан билігі Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіруге арналған кешенді экожүйе құруды көздейтін Green Kazakhstan жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.