Евразия24ЖаңалықтарИран сот билігінің басшысы Тегеранның келіссөздерден ешқашан бас тартпағанын мәлімдеді

Иран сот билігінің басшысы Тегеранның келіссөздерден ешқашан бас тартпағанын мәлімдеді

|

|

Дубай. 1 мамыр. ИНТЕРФАКС – Иран билігі әрқашан диалогқа дайын, алайда келіссөздерді тек ұтымды ұстанымдар тұрғысынан жүргізудің маңызы бар. Бұл туралы жұма күні Иран сот билігінің басшысы Голям Хоссейн Мохсени-Эджеи мәлімдеді.

«Иран Ислам Республикасы келіссөздерден ешқашан қашқан емес. Біз қисын мен парасатқа негізделген кез келген келіссөздерді құптаймыз. Бірақ бізге жасалатын қысым мен таңылған шарттарды қабылдамаймыз», — деп келтіреді оның сөзін Press TV телеарнасы.

Мохсени-Эджеидің айтуынша, егер Иранның қарсыластары өз мақсаттарына қоқан-лоқы көрсету немесе ұрыс алаңында қол жеткізе алмаса, келіссөз үстелінде де одан нәтиже шықпайды. Сондай-ақ, ол Иран билігі АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабылына байланысты халықаралық деңгейдегі құқықтық іс-қимылдарды жалғастыратынын, бұл қадамға жауапты тұлғаларды сотқа тартып, өтемақы өндіруді көздеп отырғанын айтты.

Өткен аптаның соңында АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен бетпе-бет келіссөздерге бару көп уақыт пен қаражатты талап ететінін, сондықтан телефон арқылы байланыс орнатқанды жөн көретінін мәлімдеген болатын. Осы өткен демалыс күндері Исламабадта өтеді деп күтілген Вашингтон мен Тегеран өкілдерінің бетпе-бет келіссөздерінің кезекті раунды өтпей қалды.

28 сәуірде The New York Times газеті Ақ үйдің ахуалдық орталығындағы талқылаулар барысымен таныс бірнеше дереккөзге сілтеме жасай отырып, Трамптың Иран ұсынысын қабылдамайтынын хабарлады. Иран тарапы Ормуз бұғазын ашуды көздегенімен, Тегеранның ядролық бағдарламасы туралы мәселені кейінгі келіссөздерге қалдыруды ұсынған. Кейінірек Трамп Иранмен келіссөздердің нақты мәртебесі туралы өзінен және тағы бірнеше адамнан басқа ешкім хабардар емес екеніне сендірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Есепте арзандаған дәрі дәріханада қымбат: үкімет нарықты ретке келтірмек

Қазақстанда дәрі-дәрмек жалпы инфляциядан әлдеқайда жылдам қымбаттап жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі әрбір төртінші препараттың бағасы төмендегенін мәлімдейді. Бұл қайшылық 3 қарашада халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралған үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында байқалды. Дегенмен шенеуніктер тек баға жайын сөз еткен жоқ. Олар мемлекеттік сатып алуда миллиардтаған теңге үнемделгенін айтып, жаңа фармацевтикалық өндірістер ашылатынын, тегін дәрі-дәрмекпен қамту аясы кеңейіп, цифрлық бақылау күшейетінін хабарлады. Мұның бәрі, сөзсіз, маңызды. Бірақ қазақстандықтар осы қамқорлықтың игілігін көре ме? Мәселенің мәніне үңіліп көрейік.

Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген.«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков.

Өзгенің баласын өз атына жаздырған ер адам енді одан бас тарту үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Астанадағы Конституциялық сотта судья-баяндамашы Айжан Жатқанбаеваның төрағалығымен баланың анасымен ажырасқаннан кейін өзінің әкелігін даулап отырған ер адамның өтініші қаралып жатыр. Ол баланың биологиялық әкесі емес.

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.