Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарДәрігерлер шала туған сәбидің өмірін сақтап қалды

Дәрігерлер шала туған сәбидің өмірін сақтап қалды

|

|

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды: «Таиландта (Пхукет) мезгілінен бұрын шала туған сәби ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығында екі ай бойы өмір үшін күрескеннен кейін, бүгін мамандардың бақылауымен үйіне аман-есен шығарылды.

Өте төмен салмақпен әрі ауыр асқынулармен туған Аслан Әлиев 1 ай 18 күндік кезінде санитариялық авиация бортымен Алматыға жеткізіліп, бірден Орталықтың жаңа туған нәрестелерді анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылған еді. Екі айдан астам уақыт бойы отандық дәрігерлер кішкентай нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін аянбай тер төкті. Орталық мамандары қарқынды терапия барысында өмірге тікелей қауіп төндірген ауыр асқынуды — ішектің бітеу тесілуін (перфорациясын) дер кезінде анықтады. Дәрігерлер консилиумының шешімімен шұғыл хирургиялық операция жасалды. Бала хирургтары патологияны сәтті жойып, сәбидің өмірін арашалап қалды. (…) «Емдеудің әрбір кезеңі салмақты клиникалық шешімдерді және бүкіл медициналық топтың барынша жұмылуын талап етті. Дер кезінде ұйымдастырылған медициналық эвакуация, жедел диагноз қою, шұғыл операция және мамандарымыздың жоғары кәсібилігінің арқасында баланы аман алып қалдық. Айта кету керек, сәбидің отбасы қымбат тұратын бұл медициналық көмектің толық кешенін мемлекет есебінен тегін алды», – деп атап өтті Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Абай Құсайынов».

Еуразия24 пікірі:

Бұл оқиғаға артық пікір айтудың өзі орынсыз шығар. Өйткені дәрігерлердің кәсібилігі мен жанкешті еңбегінің нәтижесі бәрінен анық көрініп тұр. Дегенмен бір маңызды жайтты атап өткен жөн. 2008 жылға дейін Қазақстанда дене салмағы өте төмен болып туған нәрестелерді аман алып қалудың жүйелі тәжірибесі әлі қалыптаспаған еді. Ал бүгінде елімізде жүктіліктің 22-аптасынан бастап дүниеге келген, салмағы небәрі 500 грамнан асатын сәбилердің жартысынан көбі дәрігерлердің көмегімен өмір сүріп кетеді.
Әрине, бұл бағытта Қазақстан жалғыз емес. Мұндай нәтижеге АҚШ, Ұлыбритания, Батыс Еуропа елдері, Жапония, Оңтүстік Корея секілді неонаталдық көмек жүйесі дамыған мемлекеттер де қол жеткізіп келеді. Соған қарамастан, Қазақстанның осы қатардан орын алуы отандық медицинаның соңғы жылдары айтарлықтай ілгерілегенін көрсетеді.

Таиландтан туған еліне жеткізіліп, қазақстандық дәрігерлердің көмегімен өмірге қайта мүмкіндік алған кішкентай науқастың тағдыры – елімізде қалыптасқан медициналық көмектің тиімділігінің нақты көрінісі. Санитариялық авиациядан бастап жаңа туған нәрестелердің жансақтау қызметіне, күрделі балалар хирургиясына дейінгі жүйенің үйлесімді жұмысы осындай сәттерде өзінің өміршеңдігін дәлелдейді.

Мұндай жетістік – қазақстандық медицинаның кәсіби әлеуетін айғақтайтын әрі мақтан етуге тұрарлық нәтиже.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония мен Оңтүстік Кореяның қор нарықтары өсті, Қытайда акциялар арзандады

Сәрсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор нарықтарында сауда әркелкі нәтижемен аяқталды.

Трамп Ресей америкалық Хаббардты босату үшін ешқандай шарт қоймағанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Ресей билігі америкалық Стивен Хаббардты түрмеден босату үшін Вашингтоннан ештеңе талап етпегенін мәлімдеді. Қазір Хаббард еліне қайтып бара жатыр.

Протекционизм Еуроодақта автокөлік өндірісінің қымбаттауына әкеледі

Еуропалық одақтың отандық автомобиль өнеркәсібін қорғауға бағытталған шаралары көлік өндірісінің өзіндік құнын арттырып, әлемдік жеткізу тізбектерінің қалыптасқан жүйесіне кері әсер етуі мүмкін.

Макрон Франциядағы наразылықтарға шетелдік күштердің араласқанын растайтын белгілер жоқ екенін мәлімдеді

Франция президенті Эмманюэль Макрон өткен демалыс күндері ел аумағында болған наразылық акцияларына шетелдік күштер тікелей араласпаған деп есептейді.