Евразия24ЖаңалықтарСирия президенті мен күрд күштерінің басшысы Дамаскіде келіссөз өткізді

Сирия президенті мен күрд күштерінің басшысы Дамаскіде келіссөз өткізді

|

|


Дубай. 5 тамыз. ИНТЕРФАКС – Сирия президенті Ахмед аш-Шараа мен күрдтер жетекшілік ететін Сирия демократиялық күштерінің (СДС) қолбасшысы Мазлум Абди Дамаскіде кездесіп, СДС құрамаларын Сирияның ұлттық қарулы күштеріне біріктіру мәселесін талқылады. Бұл туралы The National басылымы Сирияның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Кездесу барысында тараптар биылғы қаңтарда жасалған келісімнің орындалу барысын қарастырды. Сол құжат Сирия үкіметі күштері мен СДС арасындағы қарулы қақтығысты тоқтатып, күрд жасақтарын елдің мемлекеттік құрылымдарына кезең-кезеңімен енгізуді көздейді.

Басылымның сириялық күрдтер арасындағы дереккөзі Мазлум Абдидің СДС-ті түптің түбінде тарату қажет екенін түсінетінін айтты. Алайда ол жасақ қолбасшылары Сирия армиясы қатарында қызметін жалғастырып, елдің солтүстік-шығысындағы полиция құрамында күрдтердің үлесі сақталған жағдайда ғана мұндай қадамға келісуге дайын.

Дереккөздің айтуынша, Дамаск полициядағы өкілеттіктердің бір бөлігін сақтауға бейіл. Бірақ негізгі келіспеушілік СДС жауынгерлерінің болашақтағы мәртебесіне қатысты болып отыр. Президент Ахмед аш-Шараа оларды армияның әртүрлі бөлімдеріне бөлуді қалайды, ал Абди бұған қарсы.

The National басылымы Сирия демократиялық күштері халықаралық коалицияның «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қарсы операцияларындағы негізгі құрлықтағы күш болғанын еске салады. АҚШ бұл құрылымға шамамен 1 миллиард доллар көлемінде қолдау көрсеткен. Алайда Вашингтон мен Дамаск арасындағы қарым-қатынас жақсарған сайын бұл қолдау біртіндеп әлсіреді.

Нәтижесінде АҚШ қаңтар айындағы келісімнің жасалуына арағайындық етті. Соның нәтижесінде Сирия үкіметі Евфрат өзені бойындағы, елдің мұнай-газ қоры мен электр энергиясын өндіретін негізгі нысандары шоғырланған аумақтардың басым бөлігін бақылауына алды. Ал СДС бақылауында Ирак және Түркиямен шектесетін Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтер басым қоныстанған қалалар қалды.

Басылымның мәліметінше, Дамаск пен СДС арасындағы келісімдерді жүзеге асыруда Ирак Күрдістанының президенті Нечирван Барзани маңызды рөл атқарып отыр. Ол ықпалды саясаткер Масуд Барзанидің жиені және Сирияның шығысындағы араб тайпалары тарапынан күрдтерге төнуі мүмкін қауіптің алдын алуға күш салып келеді. Бұған дейін дәл осы тайпалардың қарулы жасақтары үкімет әскерінің СДС-ке қарсы операциясына белсенді қатысқан.

Дүйсенбі күні Нечирван Барзани Дамаскіде Ахмед аш-Шараамен кездесті. Бұл – 2024 жылдың желтоқсанында Башар Асад биліктен кеткеннен кейін Ирак Күрдістанының жоғары лауазымды өкілінің Сирияға жасаған алғашқы сапары. Мазлум Абди бұл кездесуді құптайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар The National басылымы бұл келіссөздердің Ормуз бұғазы уақытша жабылған жағдайда Сирия аумағын энергия ресурстарын құрлық арқылы тасымалдаудың балама бағыты ретінде пайдалану мүмкіндігі талқыланып жатқан кезеңмен тұспа-тұс өтіп жатқанын атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Пәкістан Премьер-министрі мен Қарулы күштердің қолбасшысы Сауд Арабиясына барады

Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен елдің Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Асим Мунир бейсенбі күні Сауд Арабиясына ресми сапармен барады.

Ливанда 800 мыңнан астам адам үйлеріне орала бастады

Израиль әскері мен «Хезболла» қозғалысы арасындағы қақтығыстар салдарынан туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған 800 мыңнан астам ливандық өз үйлеріне қайта орала бастады.

АҚШ Иранның мұнай экспортына салынған санкцияларды жеңілдетуі мүмкін

Егер Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын ұйымдастыру жөнінде келісімге келсе, АҚШ Иранның мұнай экспортына қатысты санкцияларды жеңілдетіп, ирандық порттарға қойылған теңіз блокадасын алып тастауы мүмкін.

Азық-түлік бағасы төмендеді

Сауда және интеграция министрлігінің уәжіне сүйенсек, бағаның оң серпініне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі – баға белгілеуді әкімшілік жолмен бақылау. Бұған сауда үстемесінің белгіленген шекті мөлшерінің сақталуын қадағалау, сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі делдалдар санын қысқарту жатады.