Соңғы жылдары қоғамда бір қызық құбылыс байқалады. Бұрын адамның бақытты болуы белгілі бір жетістіктермен өлшенетін: жоғары білім алу, тұрақты жұмыс табу, баспана сатып алу, отбасы құру. Бұл өмірдің қалыпты сценарийі саналатын. Бірақ бүгінде бұл түсінік өзгеріп жатқандай. Бірі жоғары жалақыдан бас тартып, өзіне ұнайтын істі таңдайды. Енді бірі мансаптан гөрі психологиялық жайлылықты маңызды көреді. Тіпті отбасы құруды кейінге қалдыратын жастардың саны да артып келеді. Көпшілік әлі күнге дейін “жақсы оқысаң, жақсы жұмысқа тұрсаң, отбасың болса – міндетті түрде бақытты боласың” деген түсінікпен өмір сүреді. Бірақ дәл осы жолдан өткен адамдардың арасында да өзін бақытсыз сезінетіндер аз емес.
Бақыттың формуласы өзгерді ме, әлде адамның өзі ме?
|
|
Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media
Бөлісу:




