Токио. 18 тамыз. ИНТЕРФАКС – Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі төмендеді. Тек Австралия нарығында аздаған өсім байқалды.
Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуі мұнай бағасының өсуіне әкелді. Соның салдарынан тұтыну бағаларының өсу қарқыны қайта үдеуі мүмкін деген алаңдаушылық күшейді.
Мәскеу уақытымен 8:27-де жапондық Nikkei 225 индексі 2,1%-ға төмендеді. Бұған дейін индекс бес сауда сессиясы қатарынан өскен еді.
«Жапонияда да, АҚШ-та да инфляцияның жоғары деңгейде сақталуына қатысты алаңдаушылық алдағы уақытта қор нарығының өсуін тежеуі мүмкін», – дейді Nomura Securities қор нарығының сарапшысы Ватару Акияма.
Жартылай өткізгіш өндірушілердің акциялары айтарлықтай арзандады. Murata Manufacturing бағалы қағаздары 9,6%-ға, Sumco Corp. – 5,9%-ға, Kioxia – 5,8%-ға, Screen Holdings пен Lasertec – 5,6%-дан, Tokyo Electron – 5,5%-ға, Disco Corp. – 5,3%-ға, Advantest 3,8%-ға төмендеді.
Ал жүк тасымалдау тарифтері көтеріледі деген болжам кеме қатынасы компанияларының акцияларына оң әсер етті. Nippon Yusen K.K. акциялары 4,1%-ға, Mitsui O.S.K. Lines – 3,6%-ға, Kawasaki Kisen Kaisha 3%-ға қымбаттады.
Toyota акциялары 0,1%-ға, Honda – 1,4%-ға, Nissan 0,5%-ға өсті.
Банк секторында да өсім байқалды. Mitsubishi UFJ Financial Group акциялары 0,7%-ға, Sumitomo Mitsui Financial Group – 0,4%-ға, Mizuho Financial Group 0,5%-ға қымбаттады.
Мәскеу уақытымен 8:26-да Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,4%-ға, Гонконгтың Hang Seng индексі 0,5%-ға төмендеді.
Hang Seng құрамындағы компаниялар арасында China Life Insurance акциялары 4,7%-ға, Lenovo – 4,3%-ға, қысқа бейнероликтер платформасының операторы Kuaishou Technology 3,8%-ға арзандады.
Түсті және бағалы металл өндірушілердің де акциялары төмендеді. CMOC бағалы қағаздары 3,7%-ға, Laopu Gold – 3,5%-ға, Aluminum Corp. of China 3,2%-ға арзандады.
Meituan акциялары 3,6%-ға, Tencent – 1,8%-ға, Xiaomi – 0,9%-ға, Li Auto – 1,9%-ға, Netease Inc. 1,3%-ға төмендеді.
Оңтүстік Кореяның Kospi индексі Мәскеу уақытымен 8:20-да 1,1%-ға төмендеді.
Әлемдегі ірі чип және смартфон өндірушілердің бірі Samsung Electronics акциялары 1,4%-ға, Hyundai Motor – 3,4%-ға, Posco – 2,8%-ға, KB Financial Group 0,8%-ға арзандады.
Сонымен қатар SK Hynix акциялары 2,7%-ға, Korea Zinc 2,3%-ға қымбаттады.
Австралияның S&P/ASX 200 индексі 0,1%-ға өсті.
Әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы BHP-дің нарықтық құны 2,6%-ға артса, оның бәсекелесі Rio Tinto-ның капиталдануы 1%-ға төмендеді.
Westpac Banking есептейтін Австралия экономикасына тұтынушылар сенімінің индексі тамызда шілдедегі 83,9 тармақтан 88,9 тармаққа көтерілді. Бұл – наурыздан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Trading Economics дерегіне сәйкес, сарапшылар индекс 81,7 тармаққа дейін төмендейді деп болжаған.




