Евразия24ЖаңалықтарДемократ сенатор Конгрестің келісімінсіз Оманға соққы жасауға тыйым салуды ұсынбақ

Демократ сенатор Конгрестің келісімінсіз Оманға соққы жасауға тыйым салуды ұсынбақ

|

|

Вашингтон. 18 тамыз. ИНТЕРФАКС – Демократ сенатор Тим Кейн АҚШ президенті Дональд Трамптың Оманға қатысты қоқан-лоққысын тоқтату үшін Сенат қарауына әскери өкілеттіктер туралы қарар енгізетінін мәлімдеді.

«Тамыздағы демалыстан оралған бойда Оманға қарсы әскери іс-қимыл жүргізуге тыйым салатын қарар ұсынамын. Кейбір республикашыл әріптестерім демократтарға қосылып, билікке мастанған президенттің АҚШ пен бүкіл әлемге бұдан да көп зиян келтіруіне жол бермейді деп үміттенемін», – деп Кейн сайтында жарияланған мәлімдемеде көрсетілген.

Оның айтуынша, Трамптың АҚШ-пен берік дипломатиялық байланысы және еркін сауда туралы келісімі бар Оманға қарсы елдің азайып бара жатқан қару-жарақ қорын пайдаланамыз деп қоқан-лоқы көрсетуі Қытай мен Ресей секілді «нақты қарсыластардың» ғана көңілінен шығуы мүмкін.

Кейннің пікірінше, Трамп «әлемнің әр түкпірінде соғыс ашып, өзге елдерге қысым көрсетуге бағытталған жеке саясатын жүргізе отырып, шынайы жағдайдан барған сайын алшақтап барады».

«Оның соғыстары заңсыз, өйткені Конгресс оларды мақұлдаған жоқ. Соған қарамастан ол әскери қақтығыстарды жалғастырып келеді. Мұның салдарынан әскерилеріміз арасында орасан шығын болып, (…) оқ-дәрі қорымыз азайып, әлемдегі одақтастарымызбен қарым-қатынасымыз әлсіреп жатыр», – деді Кейн.

Бұған дейін АҚШ президенті Оман Иранмен Ормуз бұғазын бақылау жөніндегі келіссөздерді жалғастырса, бұл елге соққы жасайтынын мәлімдеген.

«Егер Оман осы бағытынан қайтпаса, оны бомбаның астына аламыз», – деп келтірді дүйсенбі күні Fox News журналисі Трей Йингст Трамптың сөзін X әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Иран мен Оманның Ормуз бұғазын бірлесіп бақылау мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Австралиядан өзге Азия қор нарықтары төмендеп жатыр

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі төмендеді. Тек Австралия нарығында аздаған өсім байқалды.

Техникалық ақау жүргізушілерге «айыппұл салды»

Өткен аптада Алматы – Тараз және «Қорғас» бағытында жүрген жүргізушілерге қомақты сомадағы айыппұлдар жаппай келе бастаған.

Қазақстандықтардың басым бөлігі 23 тамызда дауыс бермек

«Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген екінші телефон сауалнамасының нәтижесі бойынша азаматтардың 73,8%-ы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға ниетті.

Қазақстан цифрлық даму деңгейі бойынша әлемдік үздіктер қатарында

БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша 2024 жылғы соңғы рейтингінде Қазақстан 0,9 көрсеткішпен жоғары деңгейге ие болып, 24-орынға тұрақтады. Еліміз бұл рейтингте көптеген дамыған мемлекеттерді, соның ішінде Швейцария, Түркия, Латвия, Франция, Хорватия, Қытай, Канада, Италия және Бельгияны басып озды.